Реферат Тақырыбы: «Мемлекеттік купиялар туралы»



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі17,46 Kb.
#116899
түріРеферат
  1   2   3



Реферат

Тақырыбы: «Мемлекеттік купиялар туралы» Казакстан Республикасыным Заны


Орындаған: Сатыбалды Абзал АҚЖ-29/1

Кіріспе



Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы Ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік құпиялар - таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейтін, мемлекет қорғайтын мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер;
мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйе – мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпаратты жасауға, іздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға және тұтынуға арналған, қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйе;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс – электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық жеткізгіште, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпарат;
мемлекеттік құпия - жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер;
қызметтік құпия - мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін, жарияланған немесе жоғалған жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін жекелеген деректер сипаты бар мәліметтер;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет