Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет110/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар 
және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан 
Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, 
кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын 
органдар, меншікке құқықтық заңдар. 
Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.
Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, 
кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады. 


134
• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндірумен және қызмет 
көрсетумен байланысты кәсіпкерлік. 
• Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланысты 
емес тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды 
жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің 
іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері. 
• Қаржылық кәсіпкерлік – бұл сату, сатып алу объектісі 
ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық 
кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер 
және қор биржалары жатады. 
• Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы 
қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері 
жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік. 
• Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды 
сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын 
қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
• Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі 
тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұйымдық-құқықтық 
және ұйымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады. 
Ұйымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, 
акционерлік қоғамды біріктіреді. 
Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның 
кәсіпкерлікпен айналысуы. 
Серіктестік – бұл екі немесе одан да көп адамдардың капитал 
салымдары (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған 
іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:
1. Толық серіктестік. Мүшелері өз мүліктері шеңберінде 
жауапкершілікке ие болады. 
2. Коммандиттік серіктестік. Мүшелері аралас жауапкершілікке 
ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы 
негізінде жауап береді. 
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Мүшелері тек қана 
салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет