Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет112/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

капиталдың ауыспалы айналымы деп атайды. Капиталдың 
ауыспалы айналымы қосымша пайда табуды көздейді:
d = A’ – A.
Мұнда, А – бастапқы жұмсалған капитал; d – үстеме құн.
Өндіріске құйылған бастапқы капиталдың барлық қозғалысының 
түгелдей бір цикл бойы айналып шығуын капиталдың толық 
айналымы деп атайды.
Капиталдың толық айналымы мен ауыспалы айналымы бір-біріне 
сәйкес келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде 
кәсіпкерге ақшалай формада бастапқы капиталдың тек бір бөлшегі 
ғана қайтып келеді, барлық капиталдық құн өз иесіне тек өзінің 
бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде ғана капитал 
толық айналым жасайды. 
Капиталдың осындай түрлерінің айналымы әрқашанда бірдей 
жүрмейді. Капитал құнының айналымдағы әрқилы қызметтеріне 
байланысты капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капитал – бұл өндірістік үдеріске толық қатысатын, бірақ 
өзінің құнын дайын өнімге бірте-бірте ауыстыратын және меншік 
иесіне ақшалай формада біртіндеп қайтып оралатын капитал. Негізгі 
капиталға құрал-жабдықтар, саймандар, машиналар, станоктар
өндірістік ғимараттар, құрылыстардың түрлері және тағы басқалары 
жатады.
Айналмалы капитал – бұл өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып 
табылатын, өзінің құнын дайын өнімге бірден ауыстыратын және 
әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында ақшалай формада тұтас 
қайтатын капитал. Айналмалы капиталға шикізат, отын, материалдар, 
басқалары жатады.
Негізгі капитал айналмалы капиталға қарағанда материалдық 
(физикалық) және моральдік (сапалық) тозуға ұшырайды.


137
Материалдық тозу – бұл негізгі капитал элементтерінің 
физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалып өздерінің 
тұтыну құнын жоғалтуы.
Негізгі капитал материалдық тозуға мынадай жағдайларда 
ұшырайды: 
- жұмыс уақытында капиталдың қызмет ету үдерісінде;
- табиғат күштерінің әсерінен жұмыссыз қалған кезеңде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
- техникалық-өндірістік – тұтыну құнының жойылуы;
- құндық – құнның жаңа өнімге көшуі.
Моральдік тозу – бұл негізгі капитал, еңбек құралдары құнының 
төмендеуі нәтижесінде немесе олардың өнімділігінен жоғары сапалы 
еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құн бағалылығының 
жойылуы.
Моральдік тозудың екі түрі болады:
- еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары 
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
- құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық 
жағынан жетілдірілуі, өнімділігі мен рентабельділігі (тиімділігі) 
жоғары болады.
Аталған екі жағдайда да негізгі капитал тозуға ұшырайды, 
құны төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың 
пайдалылығымен есептеледі. Мұндай жағдайлар амортизациялық 
қор құруды талап етеді. Амортизациялық қор – бұл негізгі капитал 
қорының қаражаты жыл сайын жасалып және жиналып отыратын 
амортизациялық жарналар. Амортизациялық қордың қаражаттары 
ескірген құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықтарды 
жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар 
және басқа да құралдарды сатып алуға пайдаланылады. Демек, 
амортизациялық қор өндірісті ұлғайту үшін қолданылады, капитал 
қорлануының қосымша көзі ретінде қызмет етеді.
Өндіргіш капиталдың, яғни негізгі капитал мен айналмалы 
капиталдың қызмет ету сапасы мен тиімділігін бірқатар көрсеткіштер 
анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет