Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


ЖІӨ көрсеткішінің құрамына кейбір келісімдер бойынша



Pdf көрінісі
бет159/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

ЖІӨ көрсеткішінің құрамына кейбір келісімдер бойынша 
жасалған құндар кірмейді:


196
1. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес келісімдерді есепке 
алмайды. Оларға таза қаржылық келісімдер мен ұсталған тауарларды 
сату жатады. Қаржылық келісімдердің үш түрі орын алады: а) 
мемлекеттің трансферттік төлемдері (сақтандыру жарналары, 
жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар, шәкіртақылар, 
т.б.); ә) жеке трансферттік төлемдер (студенттерге ата-анасының ақша 
аударуы, туыстарының берген сыйлықтары, т.б.); б) құнды қағаздар 
бойынша келісімдер (акцияларды, облигацияларды сату-сатып алу, 
т.б.). 
2. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес қызметтің түрлерін 
есепке алмайды. Оларға үй шаруасындағы отбасылық жұмыстар
көршіге көмек беру, қайырымдылық қызметтері және қызметтің басқа 
да түрлері жатады.
3. Бір жыл ішінде жасалған қоғамға зиян алып келетін кейбір 
келісімдерді есепке алмайды. Мәселен, есірткіні сату.
ЖІӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:
1. Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос 
есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен 
материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да 
ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. 
Басқаша айтқанда, қосылған құн – бұл фирманың басқа фирмалардан 
сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып 
тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың 
өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, 
яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің 
нарықтық құнын сипаттайды.
2. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар 
негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық экономика масштабындағы 
барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады:
1) Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (C).
2) Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I).
3) Мемлекеттік шығындар (G).
4) Таза экспорт (NX).
Осы шығындар ЖІӨ көлемін (Y) құрайды және ол жылдық 
өндірістің нарықтық бағасын көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет