Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар



Pdf көрінісі
бет175/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

11.3. Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
Ұлттық экономика шеңберінде тұтыну, жинақтау және инвестиция 
деңгейлерін қолда бар табыс пен пайыз мөлшерлемесі көрсеткіштері 
анықтайды.
Классикалық макроэкономикалық үлгіде жинақтау мен инвестиция 
деңгейлері пайыз мөлшерлемесі арқылы автоматты түрде ретке 
келіп отырады, олай болса, қолда бар табыс
3 
факторы екінші орынға 
қойылып, пайыз мөлшерлемесіне шешуші мән беріледі. 
Кейнстік макроэкономикалық үлгіде көбінесе, экономикалық 
агенттердің психологиялық факторлары мен мінез-құлықтары 
ескеріледі. Тұтыну мен жинақтау функцияларын қолда бар табыс 
деңгейі анықтайды, ал инвестиция көлемі пайыз мөлшерлемесіне 
тәуелді болып табылады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіш – 
қолда бар табыс (Y
d
) тұтынылады (С) және жинақталады (S):
Y
d
 = C + S.
Мұндай тұтыну мен жинақтау Кейнстің психологиялық заңымен 
және бейімділіктің түрлерімен тығыз байланысты, яғни ол заң: 
«адамдардың табыстары артқан сайын тұтыну да артады
бірақ тұтынудың артуы табыстың артуындай болмайды, – 
деп суреттеледі. Олай болса, табыстың артуынан тұтыну деңгейі 
салыстырмалы түрде төмендей береді, ал жинақтау салыстырмалы 
түрде арта береді. Ал бейімділіктің төрт түрі бар:
1. Тұтынуға шекті бейімділік (МРС) – қолда бар табыстың 
өзгеруіне байланысты тұтынудың салыстырмалы түрде өзгеруі:
МРС = ∆С / ∆Y
d
.
2. Жинақтауға шекті бейімділік (МРS) – қолда бар табыстың 
өзгеруіне байланысты жинақтаудың салыстырмалы түрде өзгеруі:
МРS = ∆S / ∆Y
d
.
3. Тұтынуға орташа бейімділік (АРС) – қолда бар табыстың 
тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын бөлігі:
3
Қолда бар табыс көрсеткіші жеке табыс пен жеке табыс салықтарының айырмасы 
ретінде анықталады.


217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет