Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет77/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

D
x,y
 = 
DQ
y
% / 
DР
x
%,
мұндағы, E
D
x,y
– сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін 
көрсететін коэффициент; 
DQ
y
% – Y тауарына деген сұраныс көлемінің 
салыстырмалы өзгеруі; 

x
% – X тауары бағасының салыстырмалы 
өзгеруі.
Егер қиылысқан икемділіктің мәні (E
D
x,y
>0) 0-ден үлкен немесе 
оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – 
бірін-бірі алмастырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде, 
кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шайға деген 
сұраныс артады). Егер қиылысқан икемділіктің мәні (E
D
x,y
<0) 0-ден 
кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және 
Y тауарлары – бірін-бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып 
саналады (егер фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын 
фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер қиылысқан 
икемділіктің мәні (E
D
x,y
=0) 0-ге тең болса, онда бұл қарастырылып 
отырған X және Y тауарлары өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады, 
яғни бұл екі тауардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген 


95
сөз (мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты 
өзгертпейді).
3. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы 
табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұра-
ныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипаттайтын сұраныстың 
сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділік-
тің коэффициенті мына формуламен беріледі:
E
D
I
 = 
DQ% / DI%,
мұндағы, E
D
I
– сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін 
коэффициент; 
DQ% – тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы 
өзгеруі; 
DI% – тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі. 
Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды 
факторлардың бірі болғандықтан, оның өзгеруінен тауарлардың 
әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер 
табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне 
қарағанда кем болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді (E
D

>1). Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне 
қарағанда артық болса, онда сұраныс табыс бойынша икемсіз (E
D

<1) болып табылады. Мысалы, біріншіден, табыс өскенде кәдімгі 
(қалыпты) тауарларға да сұраныс артады және ол кемімелі оң 
тәуелділікпен сипатталады. Яғни уақыт өткен сайын табыстың өсуіне 
қарағанда бұл тауарларға сұраныс баяу қарқынмен өсіп отырады. 
Сондықтан кәдімгі тауарлар үшін сұраныстың табыс бойынша 
икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< E
D

<1. 
Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну 
заттары жатады. Екіншіден, табыс өзгергенде бірінші қажеттіліктегі 
тауарлар үшін сұраныс өзгермейді және табыс бойынша сұраныс өте 
икемсіз (нөлдік мәнді) болып табылады: E
D

=0. Бірінші қажеттіліктегі 
тауарлардың мысалына тұз жатады. Үшіншіден, табыс өскен сайын 
қымбат бағалы заттарға (сапалы) немесе ұзақ пайдаланылатын 
тауарларға сұраныс тез қарқынмен өседі. Мұндай тауарларға деген 
табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 1-ден үлкен 
(оң) болып келеді: E
D

>1. Қымбат бағалы заттарға асыл тастар, қымбат 
автокөліктер, антиквариат бұйымдары, яхталар, тұрғын үйлер, т.б. 
жатады. Төртіншіден, табыс өскенде қалыпты емес немесе сапасыз 
тауарға (арзан) сұраныс төмендей береді. Мұндай тауарларға деген 
табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 0-ден кіші 
(теріс) болып келеді: E
D

<0. Бұл тауарлар бағасы және сапасы төмен 


96
жақын алмастырушылар болып табылады, яғни табыс өскенде 
тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын тұтына бастайды 
деген сөз. Сонымен, табыстың өзгеруіне байланысты осы аталған 
тауарларға деген сұраныс икемділіктерінің мәндерін график арқылы 
көрсете аламыз.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл 
жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет