Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір
пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түр -
де қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакция-
сын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігі нің
көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:
E S P = DQ% / DP%, мұндағы, E
S
P
– ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін
коэффициент;
DQ% – ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі;
DР% – тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі
5 түрі бар:
1) икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс
көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің
бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл
икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (E
S
P
>1);
2) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс
көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің
бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл
икемділіктің коэффициенті бірден төмен (E
S
P
<1);
3) бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір
пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай
(бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша
пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті
1- ге тең (E
S
P
=1);
4) абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем
өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін
жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, E
P
S
= ∞;
5) абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс
көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз
өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең
болады, E
P
S
= 0.