Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Еңбек нарығында еңбектің өзі емес



Pdf көрінісі
бет149/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Еңбек нарығында еңбектің өзі емес
белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі.
Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық 
жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек 
иесі – жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның 
біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, 
қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді. 
Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын 
қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың 
субъектілері болып бизнес өкілдері және мемлекет, ал еңбек 
ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады.
Еңбекке деген сұраныс
– бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында 
фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір 
түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктері.
Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді:
1. Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі;
2. Жалақы деңгейі;
3. Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі;
4. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы;
5. Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар;
6. Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.
Еңбекке сұраныс көлемі (L) оның бағасы – жалақы деңгейіне (w) 
тәуелді және оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады.
9.1-сурет. 
Еңбекке деген сұраныс қисығы
Осы суретке сәйкес, абсцисса осінде – қажетті еңбек қызметінің 
шамасы (L) және ордината осінде – жалақы мөлшерлемесі (w). D
L
қисығының бойындағы кез келген нүкте жалақының белгілі бір 
деңгейінде еңбекке сұраныс шамасының қандай екендігін көрсетеді. 
Жалақы мөлшерлемесі өскенде кәсіпкер еңбекке сұраныс көлемін 


172
қысқартады және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол 
жұмыскерлерді көбірек жалдауға ынталы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет