334
Ақша ұсынысы
– экономикада өндірілген жиынтық өнім көлемі-
нің айналымы үшін қажетті ақша жиыны немесе айналыстағы қолма-
қол ақшалар мен талап етілгенге дейінгі депозиттердің қосындысы.
Ақшаға жалпы сұраныс
– келісімдер
жасау және активтерге
сұраныс білдіру үшін қажетті ақшаға сұраныстың сомасы.
Ақшалай капитал
– инвестициялық тауарларды сатып алу үшін
қажетті қолдағы бар ақшалар.
Ақшалай нарық
– пайыз мөлшерлемесінің белгілі бір деңгейінде
ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңесуі орын алатын нарық.
Ақшаның құны
– ақша бірлігіне айырбастауға болатын тауарлар
мен қызметтердің жалпы көлемі; ақша бірлігінің сатып алушылық
қабілеті; бағалар деңгейіне кері шама.
«Ақылдың қашуы»
- көп пайда
табу және ең жақсы жұмыс
жайларын табу мақсатында білімі мен біліктілігі жоғары мамандар
мен жұмыскерлердің елден кетуі.
Достарыңызбен бөлісу: