Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет30/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   308
Интенсивті ұдайы өндіріс
– техника мен технологияны сапалы 
түрде жақсарту есебінен өндіріс көлемін ұлғайту үдерісі. Ұдайы 
өндірістің мұндай типі үшін мынадай жолдар тән: техниканы жаңарту, 
барлық ресурстарды аса тиімді қолдану, материалдық ресурстарды 
үнемдеу, жұмыскер кадрлардың біліктілігін көтеру, еңбек тәртібін 


35
нығайту, басқаруды жетілдіру, ғылым мен инфрақұрылымды дамыту, 
т.б.
Тәжірибе жүзінде таза күйінде интенсивті ұдайы және экстенсивті 
ұдайы өндірістер орын алмайды. Олар бір-бірімен өзара байланыста 
болады және бір-бірін толықтырып отырады, олай болса, нақты 
шаруашылықта аралас ұдайы өндірістің типі орын алады.
Аралас ұдайы өндіріс
– бұл бір уақытта экономикалық 
ресурстардың санын арттыру және техника мен технологияны 
жетілдіру есебінен өндіріс ауқымын кеңейту үдерісі.
2.2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, 
ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы
Экономикалық ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш мәселесіне 
жауап бере алатын басты ұғымдар орын алады. Бұл ұғымдар 
экономикалық теорияның базалық түсініктері болып табылады, яғни 
олар:
Қажеттіліктер;_2._Ресурстар;_3._Игіліктер.'>1. Қажеттіліктер;
2. Ресурстар;
3. Игіліктер.
Енді осыларға кеңірек тоқтауымыз қажет.
Кез келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден 
басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, 
экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу 
тәсілдері болып табылады.
Қажеттіліктер
– бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір 
экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен 
ынта-жігерлер немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір 
сүруін қамтамасыз етуге және жеке бір индивидтің, фирманың және 
тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген 
жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар.
Қажеттіліктер қанағаттандыруды талап етеді, өмір сүруді және 
организмді дамытуды қамтамасыз етеді, адамның жеке басын 
дамытуды қалайды. Адамдардың қажеттіліктері алуан түрлі болып 
табылады. Американдық ғалым, әрі социолог 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет