Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет31/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   308
Абрахам Маслоу
өзінің 
«қажеттіліктер пирамидасы»
үлгісінде қажеттіліктерді 
кеңінен зерттейді. Бұл үлгіге сәйкес, «төменгі сатыдағы» материалдық 
қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы» рухани қажеттіліктер 
төмендегідей орналасады:


36
1. Физиологиялық қажеттіліктер:
тамақ, су, киім-кешек, баспана, 
ұрпақты өмірге әкелу, т.б.
2. Қауіпсіздікке деген қажеттіліктер:
аурудан сақтану, дау-
жанжалдан, қорқыныш-үрейден сақтану, т.б.
3. Әлеуметтік қажеттіліктер:
сүйіспеншілік, махаббат, достық, 
кейбір топтардың мүшесі болу, өзара мүдделі адамдардың қарым-
қатынасы, т.б.
4. Өзін-өзі сыйлау мен қадірлеуге деген қажеттіліктер:
мақсатқа 
жету, өзін таныту, басқа адамдардың сый-құрмет көрсетуі, қоғамда 
өз орнын табу, т.б.
5. Өзін-өзі мадақтауға деген қажеттіліктер:
өз қабілеттіліктерін 
іске асыру, өз мүмкіндіктерін дамыту және оларды белсенді түрде 
қолдану, өзара түсіністік, т.б.
Қажеттіліктерін осындай жіктемесін олардың басқаша түрлерімен: 
материалдық және рухани қажеттіліктер, рационалды және 
иррационалды қажеттіліктер, абсолюттік және ақиқат қажеттіліктер, 
нақты, жете түсінілген, жете түсінілмеген, қате түсінілген және басқа 
да қажеттіліктермен толықтыруға болады.
Саналы түрде жете түсінілген қажеттіліктер еңбекке деген ынта-
жігерді тудырады. Мұндай жағдайда қажеттіліктер өзінің нақты 
нысанына ие болады.
Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағат-
тандырылуы тиіс.
Игіліктер
– бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар
өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объек тісі. 
Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шек теу лі 
көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық 
игіліктер деп атайды. Яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет