152
өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын
және оған жұмсалған шығындарды өндіріс құрал-жабдықтарымен
және жұмыс күшімен байланыстырды. Тауардың құнын құрайтын
еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.
Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше
қасиеті болып табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді.
Пайдалылық, соның ішінде, тауардың жалпы пайдалылығы және
шекті пайдалылығы психологиялық
құбылыс ретінде өндіріс
факторлары үшін фирмалар төлейтін соңғы соманың шамасы болып
табылады. Маржиналистер экономикалық ғылымға шекті шығындар
тұжырымдамасын енгізген, ол туралы біз әлі айтатын боламыз.
Институционализм бағытының өкілдері шығындар теориясын
әріқарай дамыта түсті. Олар өндіріс
шығындарынан басқа жеке
шығындардың, қоғамдық шығындардың, абсолюттік шығындардың,
қаржылық шығындардың, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді шығындардың бар екендігін бөліп көрсетті.
Неоклассикалық теория өндіріс факторларына жұмсалатын
шығындарды өнім көлеміне тәуелді өзгермелі шығындар және өнім
көлеміне тәуелді емес тұрақты шығындар деп ажыратады. Сондай-
ақ, өзгермелі шығындардың да, тұрақты шығындардың түрлерін
анықтайды.
Соңғы уақыттарда неоинституционализм бағытының басты өкілі Р.
Коуз енгізген
Достарыңызбен бөлісу: