Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет279/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Адам капиталы теориясы
жалақыдағы айырмашылықтар 
адам капиталына, яғни адамның білімін жетілдіруге құйылатын 
инвестициялардың салдары деп түсіндіретін тұжырымдама.
«Азия жолбарыстары»
- Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея және 
Тайвань сияқты Азияның жаңа тез қарқынмен дамып келе жатқан 
индустриалдық елдері.
Актив
– фирманың немесе жекелеген тұлғалардың меншігіндегі 
ақшалай құны бар барлық заттардың жиынтығы.
Акциз
– нақты бір тауарды немесе белгілі бір тауарлар көлемін 
сатып алуға жұмсалатын шығындарға салынатын салықтар.
Ақша
– тауарлар мен қызметтердің өзара айырбасына қажетті 
қолданы-латын абсолютті өтімділікке ие ерекше құрал немесе 
тауарлардың тауары.
Ақша айналымының жылдамдығы
– тауарлар мен қызметтерді 
сатып алуға қажетті айналымдағы ақша массасының жылына қанша 
рет айналатын-дығын көрсететін сан.
«Ақша тәріздес»
(квази-ақшалар) – қаржылық активтер, олардың 
ең маңыздылары болып қысқа мерзімді жинақ депозиттері, жедел 
салымдар, қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, жинақ 
облигациялары табылады; айналым құралы болып табыла алмайтын, 
бірақ ақшаға тез айнала алатын құралдар.


334
Ақша ұсынысы
– экономикада өндірілген жиынтық өнім көлемі-
нің айналымы үшін қажетті ақша жиыны немесе айналыстағы қолма-
қол ақшалар мен талап етілгенге дейінгі депозиттердің қосындысы.
Ақшаға жалпы сұраныс
– келісімдер жасау және активтерге 
сұраныс білдіру үшін қажетті ақшаға сұраныстың сомасы.
Ақшалай капитал
– инвестициялық тауарларды сатып алу үшін 
қажетті қолдағы бар ақшалар.
Ақшалай нарық
– пайыз мөлшерлемесінің белгілі бір деңгейінде 
ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңесуі орын алатын нарық.
Ақшаның құны
– ақша бірлігіне айырбастауға болатын тауарлар 
мен қызметтердің жалпы көлемі; ақша бірлігінің сатып алушылық 
қабілеті; бағалар деңгейіне кері шама.
«Ақылдың қашуы»
- көп пайда табу және ең жақсы жұмыс 
жайларын табу мақсатында білімі мен біліктілігі жоғары мамандар 
мен жұмыскерлердің елден кетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет