Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет107/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   295
Негізгі ұғымдарфирма, кәсіпорын, бизнес, кәсіпкерлік, жеке 
кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам, капитал айналымы, 
ауыспалы айналым, толық айналым, инвестиция, амортизация, 
материалдық тозу, сапалық тозу, т.б.
7.1. Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық 
бағыттары
Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерция-
лық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың 
атауын белгілеу үшін қолданылады. Фирма деп өзінің мүліктік 
жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына 
мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар 
шаруашылық бірлікті айтады.
Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары 
бар.
Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша 
фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі 
өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде 
қарастырылады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын 
минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың 
оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін 
анықтау табылады. Фирманың неоклассикалық тұжырымдамасы 
нарықтың тиімділігін, ондағы ақпараттың толықтылығын, бағаның 


131
автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің ұтымды 
тәртіптерін, фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей бол-
уын есепке алады. Алайда, бұл жерде фирманың ішкі ұйымдасушы-
лық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама нұсқалары 
ескерілмейді. Сондықтан осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты 
сыналады. Сонымен қатар ол фирманың нақты экономикалық субъект 
ретіндегі шығу тегі, оның өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы 
сұрақтарға жауап бере алмайды.
Фирманың институционалдық теориясы. Бұл теория бойын-
ша фирма нарықтық белгісіздік пен тәуекел жағдайында іс-
әрекет жасайтын күрделі сатылы құрылым болып табылады. 
Фирманың нарықтағы тәртібі ақпараттың толық еместігі жүйесінде 
қарастырылады және басты назарға фирма табиғатының және 
оның дамуының алуан түрлілігінің себептері туралы мәселелер 
алынады. Фирма табиғатын талдаудың негізіне нарықтық белгісіздік 
жағдайында келісімдерді жүзеге асыруда туындайтын трансакцион-
дық шығындардың
1
орын алуы туралы алғышарттар қойылады. 
Фирма осындай шығындарды қысқарта отырып, нарықтық және 
әкімшіліктік жолдармен ресурстарды оңтайлы үйлестірудің неше 
түрлі әдістерін қолдана алуы тиіс. Нарықтық жол кезінде баға 
механизмі есепке алынады, ал әкімшіліктік жол кезінде баға механизмі 
ескерілмейді. Бұл жерде фирманың құрылымы ресурстарды нарықтық 
тұрғыдан үйлестірудің шығындары мен оларды әкімшіліктік 
басқару тұрғысынан бөлу шығындары арасындағы арақатынаспен 
анықталады. Нәтижесінде, фирманың өзі ресурстарды нарықтық 
әдіспен тиімді орналастырудың баламасы ретінде қарастырылады. 
Демек, нарық ресурстарды тиімді бөлудің жалғыз ғана әдісі деген 
белгісінен айырылады. Осындай бағыттың құндылығы фирманың 
қолданатын ресурсының ерекшелігіне байланысты дұрыс шешім 
қабылдауы нарықтың өзі қамтамасыз ете алмайтын өндірістік тиімді 
әдісті ұйымдастыра алу қабілеттілігін түсіндіруден анық көрінеді. 
Сондықтан фирманың пайда табудағы табиғаты трансакциондық және 
басқарушылық шығындарды салыстырудан ғана емес, оның ерекше 
ресурстарды қолдана алу қабілетіне де тәуелді болып табылады. 
Фирма туралы аталған теориялардың ерекшеліктеріне қарамастан, 
олар пайда табу мақсатында ресурстарды тиімді бөлу тұрғысынан 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет