Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет145/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   295
9.5 а-сурет. Капиталға сұраныс қисығы 9.5 ә-сурет. Капиталдың ұсыныс қисығы
Капиталға сұраныс пен капиталдың ұсыныс қисықтарының 
қиылысуы кезінде капитал нарығында тепе-теңдік орнайды. Осы 


177
жерде экономикалық субъектілер капиталдың белгілі бір тепе-теңдік 
көлемін белгілі бір тепе-теңдік пайыз деңгейінде сатуға және сатып 
келіседі. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
9.6-сурет. Капитал нарығындағы тепе-теңдік
Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:
1. Атаулы пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке 
алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың 
шамасы.
2. Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке 
алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық 
қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (i) мен алдағы мүмкін 
болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты 
білдіреді:
r = i – π,
мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның 
жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз 
мөлшерлемесі 15% болса, онда оның нақты деңгейі 5%-ға тең.
9.4. Жер нарығы және рента
Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді 
пайдалану сияқты негізгі екі ұғымды түсініп алу керек. 
Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның 
тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген 
құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді 
оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады.
Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық 
тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы 
әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық 


178
өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар 
жүзеге асырады. 
Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауылшаруа-
шылықтық және ауылшаруашылықтық емес мақсаттарда қолда-
нылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы 
ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын 
жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды. 
Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: 
жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің 
нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы, 
рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б. 
Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші 
өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң 
ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу 
мүмкіндігі, т.б. Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады: 
мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін 
Жер-ана атқарады.
Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы 
және ерекшелігі мыналардан көрінеді:
1. Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады;
2. Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады;
3. Жердің қозғалмайтындық сипатта болады;
4. Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез келген түрінде қолда-
ныла береді;
5. Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады.
Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандық-
тан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс атқаарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет