179
1. Жердің құнарлылығы;
2. Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы.
Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы –
жер рентасы
анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне
байланысты және оның қисығы кемімелі, теріс көлбеулі болып келеді.
Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, оның
қисығы тік сызық түрінде болады. Жердің ұсынысына байланысты
жердің бағасы өскенде оның көлемін арттыру немесе оның бағасы
төмендегенде көлемін қысқарту мүмкін болмайды.
9.7-сурет. Жер нарығындағы тепе-теңдік
Жер рентасы – бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде
жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Оның
көлемі жерді жалға алу-жалға беру (аренда) келісімінде анықталады.
Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде қарастырылады. Жерді
қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі екі түрін анықтауға
болады:
1. Абсолютті жер рентасы – бұл жердің құнарлылығы мен басқа
да ерекшеліктеріне байланысты болмайтын жалға берілетін барлық
жерлерден алынатын рентаның бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: