Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Жинақтауға деген орташа бейімділік



Pdf көрінісі
бет273/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   295
Жинақтауға деген орташа бейімділік – салықтарды төлеп 
болғаннан кейінгі үй шаруашылықтарының жинақтауға қалдырған 
табысының бір бөлігі; жинақтаудың қолда бар табысқа қатынасы.


339
Жинақтауға деген шекті бейімділік – қолда бар табыстың кез-
келген өзгеруіндегі жинақтаудың үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің 
жинақтау көлемінің өзгерісіне қатынасы.
Жиынтық пайдалылық – өнімнің жалпы көлемінің белгілі бір 
бөлігін тұтынудан алынатын жалпы пайдалылық.
Жиынтық сұраныс – экономикада әртүрлі бағалар деңгейінде 
өндірілген жиынтық өнім көлеміне экономикалық субъектілердің 
жұмсайтын жиынтық шығындары.
Жиынтық ұсыныс – бағалардың әрбір деңгейінде ұсынылуы 
(өндірілуі) тиіс тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі немесе 
экономикада өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі.
Жұмыс күші – он алты жастан бастап және одан жоғары жастағы 
жұмыс істейтін азаматтардың және жұмыссыздардың жалпы саны; 
еңбекке жарамды барлық экономикалық жағынан белсенді халық.
Жұмысбастылық деңгейі – жұмысы бар азаматтардың жұмыс 
күшінің жалпы санындағы үлесі.
Жұмыссыздық – еңбекке жарамды халықтың белгілі бір уақыт 
аралығында белгілі бір себептермен жұмыс істемеуі немесе жұмыс 
таба алмау жағдайы.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші құрамындағы жұмыссыз 
адамдар-дың үлесі; жұмыс күшінің жұмыссыздардың жалпы санына 
қатынасының жүз пайызға көбейтіндісі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – толық жұмысбастылық пен 
ресурстардың экономикаға толық тартылуы жағдайында орын алатын 
және инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың қалыпты 
деңгейі.
Икемділік коэффициенті – сұраныс (немесе ұсыныс) көлемінің 
пайыздық өзгеруінің тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатына-
сының нәтижесі.
Икемді сұраныс – мәні 1-ден үлкен сұраныс икемділігінің 
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің 
пайыздық өзгеруінен аз болу жағдайы.
Икемсіз сұраныс – мәні 1-ден кіші сұраныс икемділігінің 
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің 
пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы.
Икемді ұсыныс – мәні 1-ден үлкен ұсыныс икемділігінің 
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің 
пайыздық өзгеруінен аз болу жағдайы.


340
Икемсіз ұсыныс – мәні 1-ден кіші ұсыныс икемділігінің 
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің 
пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы.
Импорт – берілген елдің жеке тұлғаларының, фирмалардың және 
үкіметтің басқа елдерде өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып 
алуға жұмсайтын шығындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет