Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


) Иемдену – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық  тұрғыдан қамтамасыз етілуі. 2) Пайдалану



Pdf көрінісі
бет43/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   295
1) Иемдену – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңдық 
тұрғыдан қамтамасыз етілуі.
2) Пайдалану – белгілі бір игіліктен оның пайдалы қасиеттерін 
алудың және одан пайда таба алудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
3) Билік ету – мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз 
етілуі.
Ағылшын заңгері А. Оноре 1961 жылы алғаш рет меншіктің 
толыққанды кешенді құқықтарын ұсынды. Оны «бір буда құқық» 
немесе Оноре тізбесі деп атайды және ол 11 элементтен құралады:
1. Иемдену құқығы, қандай да бір игіліктің жағдайын бақылау 
құқығы;
2. Пайдалану құқығы, игіліктерден оның пайдалы қасиеттерін 
алуға деген құқығы;
3. Билік ету құқығы, игіліктерді пайдалануды кім және қалай 
шешетіндігі жөніндегі құқығы;
4. Табыс алуға деген құқығы, игіліктерді пайдаланудан қандай 
да бір нәтижеге жете алу құқығы;
5. Егемендік құқығы, игілікті шеттету, тұтыну немесе жою 
құқығы;
6. Қауіпсіздікке деген құқығы, яғни игілікті қанаудан және 
сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;
7. Игілікті мұрагерлікке беру құқығы;
8. Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға 
қарсылық жасау құқығы;
10. Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни 
қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;


55
11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын 
қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
Сонымен, меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні 
мынаған келіп саяды, яғни меншік – бұл адамдар арасындағы 
материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және 
тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.
Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде 
меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Меншік 
субъектілері – бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап 
отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік 
топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет