3.16 Объектілерді масштабтау. Объектілерді үлкейту немесе кішірейту Масштаб (Scale) командасының
кӛмегімен
жүзеге
асырылады.
Масштаб (Scale) командасын
РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы
пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команданы шақырғанда командалық жолда келесі хабар шығады: Command: _scale (Команда: Масштаб) Әрі қарай жүйе кішірейтілетін немесе үлкейтілетін объектіні таңдауды
сұрайды:
Select objects: (Выберите объекты: ) Тышқанның сол батырмасын басу арқылы қажетті объектіні таңдаймыз.
3.29-суретте Масштаб (Scale) командасын қолдану арқылы объектіні екі есе
үлкейткен мысалы кӛрсетілген. Бұл жерде объектілерді (шеңбер, тӛртбұрыш,
екі осьтік сызық – барлығы тӛрт объект) таңдаған кезде рамканы қолданған.
Объектілерді таңдауды ENTER пернесін басу арқылы аяқтаймыз.
Бұдан кейін AutoCAD базалық нүктені сұрайды. Бұл нүкте объектілер
тобындағы қозғалмайтын жалғыз нүкте болады. Базалық нүктені
координаталарын пернетақтадан енгізу арқылы немесе экранда курсордың
кӛмегімен нұсқау арқылы енгізуге болады. Берілген мысалда базалық нүкте
ретінде шеңбер центрін қабылдаймыз.
Specify base point : _cen of Базалық нүктені анықтағаннан кейін, командалық жолда масштаб
коэффициентінің сан мәнін енгізу керек. Объектіні үлкейту үшін коэффициент
1-ден үлкен болуы керек, ал кішірейту үшін - 1-ден кіші болу керек. Біздің
мысалымызда 2 санын енгіземіз.
Specify scale factor or [Reference]: 2 AutoCAD таңдалған объектілерді үлкейтеді де, команданы аяқтайды.
3.29-сурет
96
4Үш ӛлшемді объектілерді салу және оларды редакциялау