Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет69/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   108
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

 
 
 
3.15 Объектілерді «қасиеттер» терезесінде редакциялау 
Свойства (properties) диалогтық терезесі AutoCAD объектілерінің 
қасиеттерін кӛру мен ӛзгертудің негізгі құралы болып табылады. Бұл терезенің 
кӛмегімен редакциялауға жататын кез келген қасиеттерді ӛзгертуге болады, оның 
ішінде: 

Барлық объектілерге тән жалпы қасиеттерді (түс, қабат, сызықтың түрі, 
сызық түрінің масштабы, баспа стилі, сызықтың қалыңдығы, гиперсілтеме, 
биіктік) өзгерту; 

Объектілердің, оның ішінде парақ кеңістігіндегі көрініс экрандарының да,
геометриялық қасиеттерін редакциялау; 

Мәтін мазмұнын және қасиетін өзгерту

Өлшем блоктарының барлық параметрлерін өзгерту; 

Гипербайланыстарды өзгерту. 
 
Бұл диалогтық терезені келесі жолдармен шақыруға болады: 
1. Стандартный аспаптар тақтасы 

пиктограммасы; 
2. Редактировать құлама мәзірі 

Свойства пункті; 
3. Контекстік мәзір арқылы: объектіні таңдағаннан кейін, тышқанның оң 
батырмасын басып, контекстік мәзірден Свойства бӛлімін (ол тізімнің 
соңында болады) таңдау; 
4. Объектілердің ішінде кӛбісінің қасиеттері терезесін тышқанның сол 
батырмасымен объектіні екі рет шертіп қалып, шақыруға болады. 
5. Пернетақтадан окносв  командасын енгізу арқылы. 
Диалогтық терезедегі параметрлерді шақыру батырмаларының кӛмегімен 
жаңа параметрлерді қосымша диалогтық терезелерден таңдау арқылы енгізуге 
болады.
Диалогтық терезеде сұр түспен берілген қасиеттер ӛзгертуге келмейді және 
тек кӛрсету үшін ғана арналған. 
Диалогтық терезедегі қасиеттер тізімі белгіленген объектіге немесе объектілер 
тобына байланысты. 
Егер бірде-бір объект таңдалмаса, терезеде объект қасиеттерінің ағымдық 
күйі туралы, баспа стилі туралы, кӛрініс экрандары мен қолданбалы 
координаталар жүйесі туралы мәліметтер кӛрсетіледі. 3.27-суретте объект 
таңдалмаған кездегі терезенің күйі кӛрсетілген.
Егер бір объект таңдалса, терезеде бұл объектінің жалпы және геометриялық 
қасиеттері кӛрсетіледі. 3.28-суретте шеңбер таңдалған кездегі терезенің күйі 
кӛрсетілген.
Егер бір типті бірнеше объектілер таңдалатын болса, терезеде осы 
объектілерге ортақ жалпы және геометриялық қасиеттері кӛрсетіледі.


94 
Егер әртүрлі типтерге жататын объектілер таңдалатын болса, терезеде тек 
жалпы қасиеттер кӛрсетіледі.
Кез келген қасиетті ӛзгерту үшін келесілерді орындау керек: 
• Объектіні немесе объектілер тобын таңдау керек.
Свойства терезесінде қажетті қасиеттің алаңына кіріп, қажетті мәнді 
енгізу керек немесе тізімнің ішінен таңдап алу керек. AutoCAD сызбада өзгерісті 
бірден енгізеді. Егер қасиеттер жаңа мәнді енгізу арқылы жүзеге асатын болса, 
осы жерде  пернесін басу керек.
• Редакциялауды аяқтау үшін курсорды сызба алаңына алып барып, екі рет 
 пернесін басу керек немесе кез келген басқа команданы шақыру керек. 
3.27-сурет 3.28-сурет 


95 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет