Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011


Дипломдық жұмысты жазудағы мақсат



бет24/90
Дата05.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#79474
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90
Байланысты:
1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі

Дипломдық жұмысты жазудағы мақсат

А) Ғылыми жетекшімен студенттің бірігіп жұмыс жасауы
В) Алынған білімдерін қорытындылап, нәтижесіне жетуі
С) Берілген жоспарға сәйкес алынған тақырыптың нақтыланып, ашылуы
Д) Алынған тақырыптың ғылыми аппараттарының дұрыс болуы
Е) Барлық жауап дұрыс

  1. Дипломдық жұмыс кімнің басшылығымен орындалады?

А) ӘТжірибеден өтушінің
В) Мұғалімнің
С) Ғылыми жетекшінің
Д) Әдіскердің
Е) Барлық жауап дұрыс

  1. Дипломдық жұмыс пен курстық жұмысты жазуғады басты талап

А) Ғылыми аппараттарын дұрыс нақтылау
В) Әдебиеттер тізімін дұрыс жазу
С) Бетін дұрыс қою
Д) Стандартқа сай жазу
Е) Барлық жауап дұрыс


6-тарау. ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖҮРГІЗІЛУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

Жоспары:


6.1 Зерттеу жүргізілу кезеңіне сипаттама.
6.2 Зерттелетін үдерістер мен құбылыстардың жағдайын зерттеу және диагностикалау.
6.3 Зерттелінетін үдерістер мен құбылыстардың даму мүмкіндіктерін зерттеу және диагностикалау.
6.4 Жұмыстың ізденушілік, түрлендірушілік кезеңдері.
6.5 Зерттеудің нәтижелерін жүйелеу
6.6 Педагогикалық ұжымның ғылыми зерттеудің нәтижесін тәжірибеге ендіру.
6.7 Ғылыми зерттеу нәтижелерінің көркемделуі
Практикалық сабақтар мазмұны:
6 Теориялық және тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері:
Жоспары

  1. Анализ және синтез әдістерінің мәні

  2. Индукция және дедукция, теориялық ойдың абстрактіліктен нақтылыққа көшуі

  3. Модельдеу және ойша эксперимент

  4. Тарихилық зерттеу принципі

  5. Әдеби көздерді теориялық талдау

  6. Тарихи педагогикалық зерттеулердің бастаулары

Әдістемелік ұсыныстар Тақырыпқа байланысты дәріс материалдарының мазмұнын қайта жаңғыртып, ұғымдардың, әрбір әдістердің ерекшеліктеріне, оны жүргізу жолдарына зейін салыңыз. Талдаудың мазмұнына байланысты бөлінетіндігін ой елегінен өткізіңіз. Талдаудың синтезбен тығыз байланысты болатындығын ескере отырып, талдауға ұмтылыңыз.
Барлық әдістердің жүргізілу моделін дайындап, ұжымда талқылауға дайындалыңыз.
6.1 Зерттеу – 1) ғылыми еңбек; 2) процестер мен құбылыстардың заңдылығы мен қызметін анықтауға бағытталған ғылыми зерттеу; танымдық қызметтің арнайы түрі ретіндегі ғылымға тән жаңа білім өндіру тәсілі. Зерттеудің түрлері:

  • когорттық;

  • лонгитюдті;

  • пәнаралық;

  • монографиялық;

  • ғылыми;

  • панельдік

  • дадалық;

  • мерзімді ұзартылған;

  • психология-педагогикалық

  • социология-педагогикалық

  • теориялық

  • эмпирикалық

Соның ішінде, ғылыми зерттеу дегеніміз қоғамдық маңызды, қайталанбайтын, ерекшелігі бар жаңа ғылыми өнім алуға бағытталған саналы әрекет; обьективтілік, бейнелік, дәлелдік, дәлдігімен сипатталады; нәтижесі ұғымдар, заңдар және теориялар жүйесі түрінде белгілі болады. Оның өзара байланысты деңгейін айырады: эмпирикалық және теориялық.
Ғылыми зерттеу формасында адам әрекетіндегі ортада ғылымға анықтама беріледі. Әртүрлі формадағы педагогикалық болмыстағы қоғамдық сана эмпирикалық танымдағы ғылыми таным, көрнекі образдағы ғылыми таным.
Методологиялық талдау негізінде педагогика ғылымы аймағындағы әрекет қорытындысы төрт белгіде беріледі.

  1. Мақсатқа сипаттама.

Мақсат тәжірибелік немесе танымдық болады. Егер мұғалім сабақты тәжірибелік мақсатқа қойса, бұл эмпирикалық мақсат болады.
Егер ғылыми танымдық мақсат қойылса, бұл педагогика ғылымы негізіндегі танымдық мақсат болады.

  1. Зерттеу объектісі.

Ғылымдағы зерттеу объектісі педагогикалық әрекеттегі білім беруде анықталады. Мысалы, оқыту-тәрбие үдерісіндегі мұғалім мен оқушыны ізгілендіру қарым-қатынасын қалыптастыру үдерісі.
3. Зерттеу жұмысында қолданылатын әдістер. Ғылыми тәжірибелік жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, яғни эксперимент, бақылау т.б. әдістерді қабылдайды.
4. Терминологиялық бір мәндісі /терминдердің құндылығы/. Бұл заңды процесс. Дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала т.б. Ғылыми жұмыстар шеңберінде негізгі ұғымдар санына дейін анықталып нақтылануы қажет.
Зерттеуші ғылыми жұмыс жазуда педагогикалық зерттеудің сапасын анықтау үшін проблемасын, тақырып өзектілігін, зерттеу объектісін, пәнін, мақсатын, міндетін, болжамын, жаңалықты, тәжірибелік құндылығын анықтау қажет.
Зерттеу жұмысының элементтер құрамының өзара байланысы зерттеу логикасы деп түсіндіріледі.
Зерттеу әдістемесінің негізгі этаптары
Зерттеу әдістемесі – зерттеу этаптары, оның жүргізілу тәртібін анықтауда зерттеу әдістемесінің құрылымдық элементтерімен байланысқан негізгі идея.
Зерттеу жұмысында алдымен логикалық реттілік болуы қажет.
Бірінші этап: объективті және субъективті факторлардың зерттеу аймағындағы объективті таңдау;
Зерттеу мәселесінде категория, ғылыми жаңалық, оны дәлелдеу қабылданады.
Тақырып – нақты, анық, дәл анықталған өзекті мәселе (проблема).
Объект – зерттеу жұмысы жүргізілетін педагогикалық кеңістік, зерттеудегі кейбір ақпараттардың, теория және практикадағы объективті қасиеттердің байланысының жиынтығы.
Зерттеу пәні – нақты анықталған объектінің әрбір ізденісіндегі ғылыми шекара. Зерттеу пәнінен кейін зерттеудің мақсаты және міндеттері анықталады.
Зерттеу мақсаты – қысқа, дәл анықталып, қалыптасады. Ол зерттеу міндеттерінде дамып, сипатталады.
Бірінші міндет. Анықталған объектінің құрылымы, табиғаты, мәні, әдістемелік негізі, оның ережелерімен тығыз байланысты.
Екінші міндет. Ішкі қарама-қайшылық дамуының динамикасы, зерттеу пәнінің талданған жағдайы.
Үшінші міндет. Эксперименттік тексерудің модельдеу қабілеті.
Төртінші міндет. Зерттеу объектісін басқару проблемасы, тәжірибелік жұмыстың аспектілері, зерттеу үдерісін жетілдіру эффективтілігінің құрамы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет