Сұрақтар мен тапсырмалар Тақырыптың көкейкестілігін негіздеу дегенді қалай түсінесің?
Мәселе (проблема) туралы түсінік бер.
Мәселенің шығу көздері неге байланысты деп ойлайсың?
Тақырып, оны негіздеуге сипаттама беріңіз.
Тақырыпқа қойылатын талаптарды атаңыз.
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
Зерттеу мәселесі –
А) танымдық міндет
В) зерттеу аумағы
С) мәселенің мәні
Д) зерттеудің шешімін табу
Зерттеу тақырыбы
А) педагогикалық шындықтың бөлігі
В) педагогикалық тәжірибенің қажеттілігі
С) қоғам талабы
Д) теориялық зерттеу
Мәселені қою дегеніміз...
А) қарама-қайшылықтарды шешу
В) нені зерттеу керек деген сұраққа жауап беру
С) ғылымның жай-күйін қысқаша сипаттау
Д) зерттеуді қажетсіну
«Promblema» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
А) қайшылық
В) қиындық, кедергі
С) ақау
Д) бөгет
4-тарау. ЗЕРТТЕЛЕТІН МӘСЕЛЕНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Жоспары:
4.1 Ғылыми әдебиетпен жұмыс.
4.2 Әдеби көздердін түрлері.
4.3 Мәтінмен жұмыс (жоспар, көшірме, тезис, аннотация, рецензия, конспект, цитата).
4.4 Ғылыми түсініктер, ғылыми атаулар (терминология)
Практикалық сабақтар мазмұны: №4 Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараты Мақсаты: Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараттарын анықтауға бағыттау.
Жоспары:
Курстық жұмыстың құрылымы
Дипломдық жұмыстың құрылымы
Курстық және дипломдық жұмыстың құрылымдық сәйкестіктері
Ғылыми аппараттары
Тапсырма Курстық және дипломдық жұмыстың ғылыми аппаратының моделін дайындап, оған сипаттама беріңіз.
Әдістемелік ұсыныстар: Теориялық материалдарды еске түсіріп, кіріспеден орын алатын ғылыми аппараттардың бір-бірімен байланыстылығына көңіл аударыңыз.
4.1 Ғылыми әдебиеттерді зерттеуде мына мәселелерге көңіл бөлген жөн. Автордың негізгі идеясы оның бағыты. Автордың жетістігі дәстүрлі позициядан ерекшелігі ол қандай үлес қосқан идеясының негізі. Идея қорытындысы айтыс тудыра ма, жоқ па, неге? Қандай мәселе? Зерттеу қажеттіліктерінің көрінуі.
Библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы және конспектілеуде қарастырылған әдебиеттердің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу. Библиография құрастыру зерттеу мәселесіне байланысты іріктеліп алынған әдебиеттер тізімін дайындау. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін ақпарат көздерін білу керек. Ғылыми ақпарат көздерінің екі түрі бар:
1) құжаттық
- аудивизуалдық (видео, фотоқұжат)
ғылыми (монография, конференция, симпозиум, компендиум, диссертация және т.б.)
ғылыми-көпшілік (ғылыми-танымдық әдебиет) журналдар т.б.
анықтамалар (сөздіктер, энциклопедия)
оқу (оқулықтар, оқу құралдары, жаттығу, есептер жинақтары, хрестоматия және т.б.)
журнал және газеттерге библиографиялық қосымшалар;
интернет;
мамандандырылған ақпараттық-ізденушілік жүйелер.
Жоғарыда аталған әрбір ұғымның мәніне тоқталып өтейік:
Монография – толық, жүйелі баяндалған ғылымның негізгі мәліметтері, бір мәселені зерттеу немесе автордың ғылыми жұмысының тақырыбы баяндалған кітап немесе кітапша түріндегі ғылыми басылым; ғылым немесе оның белгіленген салаларының даму болашағы туралы өзекті және іргелі ғылым мәселесін қорытындылау, жаңа болжамдар ұсыну мен оларды шешу тәсілдерін талдау, толық және жүйелі зерттеу нәтижелеріне, соның ішінде автордың да зерттеулеріне сүйенген ғылыми еңбек;
- Ұжымдық монография – пікірлес-авторлар ұжымымен жазылған жалпы концептуалды бағыттағы басылым (кітап, құрал);