Байланысты: 1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі
Тақырыбы проблеманың құрамдас бөліктері тақырып бойынша зерттеудің нәтижесінде ғылыми сұрақтарға жауап алынады. Зерттеу жұмысында тақырыпты таңдаудың мәні зор. Демек тақырып таңдауда мынадай талаптар қойылады:
1. Ғылыми маңыздылығы, мәнділігі.
2. Ғылыми жаңа үлес қосуы.
3. Тәжірибелік өзектілігі, бұны кіріспеде жазғанда тақырыптың өзектілігі немесе көкейтестілігі деп те жазады. Ғылыми зерттеу жұмысы белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Мақсат белгілі бір өзекті мәселені шешу, күту соған сәйкес күтілетін мәселе.
Зерттеу мақсаты – педагогикалық зерттеудің заңдылықтарын ашу, әдіс-тәсілдерін табу.
Зерттеу міндеттері – ғылыми мәселені зерттеуде ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты, зерттеу пәні бойынша оның дәлдігі анықталады.
Зерттеу объектісі – зерттеу жұмысы жүргізілетін педагогикалық кеңістік. (мұғалімдер немесе оқушылар ұжымы, педагогикалық үрдіс, мектептің тәрбие жұмысы, бір пәннің әдістемесі)
Зерттеу пәні – бұл объектінің бір нақтылы зерттеу бөлшегі. Онда зерттеледі: сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, үдеріс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі.
Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы – барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін ұстанымы – ғылым жағдайының терең талдаудың нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға жауап жоқтығын анықтауға көмектеседі. Гипотезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды.
Ғылыми гипотеза (болжам) проблеманы шешудің жобасы. Ол ғылыми танымның дамуына белсенді ықпал етеді және жаңа деректерді жинақтау және жүйелеуге әкеледі. Сондай-ақ, жаңа зерттеулерге негіз болатын, яғни жаңа идея, жаңа теорияны қалыптастыруға ұмтылдырады. Болжамға қойылатын талаптар:
Оның деректерге қатынасы. Демек тексерілген деректерге , факторларға сәйкес келуі белгісіз деректер мен дәлелдерді түсіндіреді.
Болжамның ғылымның ашылған заңдылығына қатынасы. Болжам құбылыстың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін, түсіндіру мақсатын, алға қойған, негізделген, жорамалды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі. Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты деректерге негізделген жорамалды түсіну керек. Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар: болжамды құру, тексеру. Болжам алғашқы берілгенді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау, сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емас, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге болатын, жорамал жасауға мүмкіндік береді. Божамды тексеру одан туындайтын нәтижені тексеру.
Зерттеу әдістері – әдістер, тәсілдер жиынтығы. Олар арқылы зерттеу міндеттері, тексерілген ғылыми гипотеза, алынған ғылыми деректер шешіледі.
Зерттеу жұмысының маңыздылыңы көтеріліп отырған мәселенің өзектілігімен анықталады. Ғылыми зерттеудің тәжірибелік ғылыми өзектілігін айыра білу қажет. Себебі, ғылымда өзектілігі шешілмеген мәселе тәжірибеде өзінің қорытындысын талдауы мүмкін.