Педагогикалық қызмет
– бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге
жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық,
интеллектуалды және дене дамуына бағытталады. Педагогикалық
қызмет әлеуметтік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Ол
адамзаттың мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге,
238
олардың тұлғалық бағытын белгілеуге және қоғамдық ӛмірде ӛз
орнын анықтауға бағытталған.
Педагогикалық қызметтің компоненттеріне сипаттама
Тӛмендегі сӛйлемдерді аяқтаңыз:.
Педагогикалық қызметтің құрылымдық компоненттері:
қызметтің мақсаты…
қызметтің субъектісі (мұғалім)…
қызметтің объектісі және субъектісі (оқушы)…
қызметтің мазмұны…
қызметтің әдістері…
қызметтің нәтижесі…
Педагогикалық қызметтің мақсаты – тұлғаны жан-жақты және
үйлесімді тәрбиелеу.
Педагогикалық қызметтің мазмұны – оқушылардың оқу
әрекетін ұйымдастыру үрдісі.
Педагогикалық қызметтің құралдары – ғылыми білім,
оқулықтар мен оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар,
компьютерлік, графикалық және техникалық құралдар.
Педагогикалық қызметтің әдістері – сӛздік, кӛрнекілік,
тәжірибелік әдістер тобы.
Педагогикалық қызметтің нәтижесі – оқушы тұлғасының
интеллектуалдық, дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.
Лектордың сӛзі:
Н.В.Кузьмина,
В.А.Сластенин,
А.Н.Щербаков
мұғалім
қызметінің тӛмендегідей функцияларын белгілейді
(Слайд 2)
:
1.
Диагностикалық
–
оқушылардың
мінез-құлық
ерекшеліктерін, даму деңгейін, тәрбиелік дәрежесін зерттеу.
2.
Болжаушы – тәрбиелік іс-әрекеттің мақсаты, міндеттері,
бағыты, нәтижесі және жоспарының белгіленуі.
3.
Құрылымдық-жобалау – жоспардың мазмұныны, мүмкін
болатын нәтижесін жоболау, құру.
4.
Ұйымдастыру – оқушыларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу,
олардың белсенділігн арттыру және ынталандыру.
5.
Ақпаратты-түсіндірмелі – оқу материалдарын түрлі
жолдармен ұсыну, оқушылардың дүниетанымдық кӛзқарастарын
қалыптастыру.
6.
Коммуникативті- ынталандыру – мұғалімнің жеке бас
ерекшеліктері, адамгершілік мәдениеті, рухани байлығы және
қарым-қатынас орната білуі.
239
7.
Талдау-бағалау – оқу-тәрбие үрдісінің барысын талдау,
нәтижесіне баға беру, кемшіліктері мен ауытқушылықтарын
анықтау, түзету, жою.
8.
Зерттеу-шығармашылық – оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әдіс-
тәсілдерді қолдана білуі, белгілі педагогикалық мәселені
зерттеумен айналасуы, оның шығармашылық қасиеттерінің
дамытылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |