Лектордың сӛзі: Н.В.Кузьмина педагогикалық қызмет құрылымында үш ӛзара
байланысқан
компоненттерді
ажыратады:
конструктивті,
ұйымдастырушы және коммуникативті. Педагогикалық қызмет
осы функциональды түрлерін нәтижелі жүзеге асыру үшін белгілі
қабілеттер қажет.
(Слайд 3) Конструктивті қызмет. Ӛз алдына конструктивті-мазмұндық
(оқу материалын таңдап алу және оны орналастыру,
педагогикалық процесті жоспарлау және құру), конструктивті-
оперативті (ӛзінің және оқушылардың әрекетін жоспарлау),
конструктивті-материалдық
(педагогикалық
процестің
оқу-
материалдық базасын жобалау).
Ҧйымдастырушылық қызмет. Оқушыларды іс-әрекеттің
түрлеріне енгізуге және ұжымды тудыруға, біріккен іс-әрекетті
ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттердің жүйесін орындау
болып табылады.
Коммуникативтік қызмет педагогтың тәрбиеленушілермен,
мектеп педагогтарымен, қоғам ӛкілдерімен, ата-аналармен
педагогикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
Лектордың сӛзі: А.И.Щербаков педагог функциясын нақтылай отырып,
педагогикалық
қызметтің
ұйымдастырушы
компонентінің
ақпараттық, дамытушы, бағыттаушы, бейімдеуші функцияларын белгілейді. Бұнда
зерттеу функциясын ерекше атап
ӛткен жӛн. Оның жүзеге асырылуы мұғалімнен педагогикалық
құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденіс
іскерлігі және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруді,
жеке және ӛзге тәжірибені талдауды талап етеді
(Слайд 4) .
Барлық компоненттер кез-келген педагогтың қызметінде
айқындалады. Оларды жүзеге асыру педаггтың арнайы
іскерліктерін қажет етеді.