Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет142/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   160
Микроманипуляциялық жүйе
– жасушалық технологияларды жүзеге
асыруға арналған қондырғылар.
Микроспора
(гр. micros - кішкене) – сыңар хромосомалар (гаплоидтық)
жиынтығы бар жасуша. Микроспора археспора жасушаның мейоздық бөліну
нəтижесінде пайда болады, аналық гаметофиттің бастамасы.
Минимальды орта
– құрамындағы компоненттерінің қажетті мөлшері
тіршілік ету, өсіп-даму үшін ең аз деңгейдегі орта.


261
Митоз
(гр. mitos - жіп) – эукариот жасушаларының негізгі жəне күрделі
бөліну əдісі. Митоздың биологиялық маңызы, аналық жасушаның тұқым
қуалаушылық материалы, хромосомалардың жаңадан пайда болған жасушаларға
тепе-тең мөлшерде бөлінуі. Жасушалардың генетикалық жағдайы бірдей болады
жəне ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ешбір өзгеріссіз сақталады.
Митоздық сегрегация
(ағ. mitotic segregation) жасушалардың митоздық
көбею үдерісі кезінде гендік детерминанттардың түсіп қалуы.
Модификациялық өзгергіштік
(лат. mitos – түрін өзгерту, қайта құру) –
тұқым қуаламайтын өзгергіштік, генотипке қатысы жоқ, сыртқы ортаның əсерінен
организм белгілерінің өзгеруі.
Молекулалық биотехнология
– ДНҚ-ның рекомбинантты технологиясына
негізделген, яғни жасушаның генетикалық бағдарламасын молекулалық деңгейде
өзгертуге арналған ғылым саласы.
Молекулалық будандастыру
(ағ. molecular hybridization) – комплементарлық
нуклеотидтердің əрекеттесуі нəтижесінде нуклеин қышқылдары тізбектерінің
арасында комплекстер түзілуі.
Моноклондық антиденелер
(ағ. monoclonal antibodies) – бір эпитопқа
(антигендік детерминанта) қатынасты қатаң арнайы бір типті антиденелер. Қалыпты
антидене түзуші жасушалармен шексіз өсуге қабілетті миеломдық ісіктік
жасушалармен біріккенде гибридомалармен синтезделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет