Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет140/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Криобиология
– төменгі жəне өте төменгі температуралардың биологиялық
обьектілерге тигізер əсерін зерттейтін биологияның бір бөлімі.
Криоконсервация
– төменгі жəне өте төменгі температуралар арқылы
гаметалар мен эмбриондарды сақтау əдісі.
Криопротектор
(гр. kryos – суық, аяз, мұз, лат. protector – қорғаушы, ағ.
cryoprotectant) – жасушаның мұздап қату нүктесін төмендетіп, жасуша ішіндегі
сумен байланысып, жасушаны механикалық жəне осмостық бүлінуінен қорғайтын
зат.
Күйітті синхронизациялау
– эструстарының бірдей мерзімде өтуі үшін, бір
топ ұрғашы дараларға гормональды дəрмектер арқылы əсер ету əдісі.
Күрделі ақуыздар
– протеидтер, олар екі бөліктен тұратын ақуыздар. Жəй
ақуыздан жəне ақуыз емес бөліктен, оны протоэтикалық топ деп атайды.
Күшті промотор
– РНК-полимеразасы үшін өте жоғары қабілетке ие, өзіндік
ерекшелігі бар индивид.
Қ
«Қалыптасқан» жасушаларды өсіру
(ағ. «habitual» cell culture) -
«қалыптасқан» жасушалар редифференциялану немесе каллус ұлпаларының
мутациясы арқылы пайда болады; олардың негізгі белгісі – ол фитогормондар жоқ
қоректік ортада өсуге қабілеттілігі.
Қолдан ұрықтандыру
– генотиптерді қарқынды түрде жақсарту
мақсатындағы сұрыптау жұмыстарында құнды малдардың ұрықтарымен
аналықтарды жаппай ұрықтандыру.
Қоректік орта (культуралды орта)
– құрамында жасушаның тіршілігі үшін
қажетті барлық компоненттері болғандықтан, биологиялық жүйелердің өсіп дамуын
қамтамасыз ете алатын орта.
Қосымша метаболиттер
(ағ. secondary metabolites) - өсімдік жасушаларында
түзілетін, бірақ олардың тіршілігі үшін аса қажет емес заттар.
Құрылымдық ген
(ағ. structural gene) – құрамында басқа биополимерлер
(ақуыз, РНҚ-ы) құрылымы туралы информация бар нуклеотидтер тізбегінің бөлігі;


260
бірақ бұл ұғымға геннің экспрессиясын реттейтін сигналдардың нуклеотидтер
тізбегі кірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет