Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет148/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Ретровирустар
– ревертаза немесе транскриптаза бар РНҚ-лы вирустар.
Рецессивтілік
(лат. Recessus – шегіну, шығу) – будан жасушада ата-ананың
гендері болғанымен біреуінің гені білінбей қалады, яғни оның экспрессиясы
жүрмейді, ал екіншісінің гендерінің басқа гомологиялық гені (доминанттық) өз
белгісін айқындайтын құбылыс.
Реципиент
– басқа аналықтың эмбрионын өз жатырында өсіретін ұрғашы
дара.


265
Рибозимдер
– спецификалық комплементарлық мРНҚ байланысқаннан кейін
олардан спецификалық үлескілер ала алатын ферменттік белсенділігі бар РНҚ.
Ризогенез in vitro
(лат. Recessus – шегіну, шығу) жасанды қоректік ортада
 in
vitro
ұлпалардан тамырдын пайда болуы, дамуы.
тРНК
– кодондардың амин қышқылдарымен байланысын қамтамасыз ететін
делдалдық қызметін атқаратын РНҚ.
С
Сайт
(ағ. site - орын) – нуклеин қышқылының немесе ақуыздың нақтылы бір
жері.
Сандық биология
– биология саласында алынылатын көптеген сандық
мəліметтерді сараптау мақсатында популяциялық статистика əдістерін қолдану.
Биологиялық зерттеулерде алынатын сандық көрсеткіштері вариациялық статистика
əдісімен өңделіп есептеледі.
Сары денешік
– овуляциядан 
кейін 
фолликуланың 
жасушалық
компоненттерінен түзілетін денелік зат.
Сегрегация
(лат. Segregatio – айырылу, бөліп шығару) будан жасушалардағы
кейбір хромосомалардың жойылуына байланысты жаңа генотиптердің шығуы.
Секвенирлеу
– ДНҚ-дағы нуклейн қышқылдарының қатар тəртібін анықтауға
арналған əдіс.
Серологиялық əдістер (
лат. serum – қан сарысуы
)
иммунодиагностикалық
əдістер, организмнен тыс антигендер мен антиденелердің əрекеттесуі негізінде
жүретін реакциялар, анықтау сезімталдығы иммуноферменттік талдауға қарағанда
орташа.
Синонимдер
– бір амин қышқылдарының бірнеше кодондары. Кейбір амин
қышқылдары бірнеше кодон арқылы ақуызға кіреді. Мысалы, лейцин, серин,
аргинин үшін 6-дан кодон бар. Оның есесіне метионин мен триптофан тек бір-бір
кодонның көмігімен ақуызда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет