Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет144/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Операциялық блок
– операция жасалынатын орын.
Опиндер
(opine) – амин жəне органикалық қышқылдардың туындылары,
өсімдіктің ісік жасушаларында (тəжі тəрізді өсінді) синтезделеді; опиндерді
агробактериялар көміртегі жəне азоттың көзі ретінде пайдаланады.
Органеллалар
– жасушада белгілі бір қызмет атқаратын, цитоплазманың
құрамдық бөліктері.
Органогенез in vitro
(гр. organon – мүше, genesis - шығу тегі, ағ. in vitro
organogenesis) – ұлпаларды жасанды қоректік ортада өсіргенде бұрынғы бар тамыр,
бүршіктерден жəне бастауыш (инициаль) жасушалардан емес, жаңадан мүшелердің
түзілуі.
Ө
Өсімдіктер жасушаларын өсіру
(ағ. plant cell culture) – жасанды қоректік
ортада асептикалық жағдайда (
in vitro
) өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын жəне
мүшелерін өсіру.
Өсімдіктерді сауықтыру
(ағ. virus – free plants) – өсімдіктерді жасанды
ортада
in vitro
өсіріп, бактериялық, саңырауқұлақтық жəне вирустық ауру
қоздырушылардан арылту.
Өсіру циклі
(гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер, ағ. growth cycle) – трансплантты
немесе сұйық қоректік ортада өскен жасушалардың бөлігін (инокулюмды) жаңа
қоректік ортаға отырғызғаннан бастап, келесі жаңа қоректік ортаға ауыстырғанға
дейінгі өсу кезеңі.
П
Пептидтік байланыс
– бір амин қышқылының аминдік тобы мен, екінші
амин қышқылының карбоксилді тобы жалғасуы арқылы жүзеге асатын ақуыз
құрылымындағы байланыс түрі.
Питомник
– тəжірибе жүргізуге арналған хайуандарды аш құрсақ ұстап,
дайындауға арналған арнайы жай.
Пробиркалар
– зерттелетін сұйықтықтар құюға арналған, түбі домаланып
келетін ұзынша шыны ыдыстар.
Прогестерон
– жатырдың 
шырышты 
қабатын 
эмбриондардың
имплатациясына дайындап, ары қарай олардың өсіп-дамуына жағдай туғызатын
гормон.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет