9.6-сурет . Абстракты СЖ құрылымы
Сонымен СЖ жұмыс механизмін келесі қадамдармен бейнелеуге
болады:
1. Білім бойынша инженер білімдер қорын (БҚ) толтырды (СЖ оқытты);
2. Пайдаланушы жүйеге сұрақ қойды;
3. Интеллектуалды интерфейс сұрақты дәлелдеді және шығару машина үшін
мақсатты тұжырымдады;
4. БҚ алынған білімдер негізінде, қойылған мақсатқа жету үшін машина
талаптанды;
5. Мәліметтер кемді болғандықтан мақсатқа жетпеді;
6. Техникалық жүйенің интеллектуалды интерфейсы сәйкес мәліметтер
кӛзімен байланысты;
7. Шығару машина мақсатқа жетуді қайтадан талаптанды;
8. Қайшы қорытындылар алғандықтан мақсатқа жетпеді;
9. Пайда болған қайшыларды шешу үшін ӛз ӛзін оқыту механизм қосылды;
10. Ӛз-ӛзін оқыту механизмнің жұмыс барысында алынған жаңа білімдер, БҚ
редакторына түсті;
11. Білім бойынша инженер жаңа білімдер мен фактілерді қабылдады не
қабылдамады;
12. Жаңа білімдер мен фактілер ДҚ және БҚ енгізілді;
13. 4 пунктке қайту.
СЖ басқа бағдарламалық құралдардан басты айырмашылығы – бұл
білімдер қорының бар болуы, оның ішінде білімдер кейбір білімдерді ұсыну
тілде (БҰТ) жазулар жиынтығы түрінде сақталынады. БҰТ мамандарға
(сараптамалық жүйені әзірлеуші) түсінікті нысанда білімдер қорын оңай
ӛзгертуге және толықтыруға мүмкіндік береді. Соңғы уақытқа дейін СЖ
жасауда орталық проблемасы әртүрлі БҰТ болатын. Қазір білімді ұсынудың
ондаған тілі немесе моделі бар. Ең үлкен тараған келесі модельдер: ӛнімдер,
семантикалық желі, фреймдер, 1 ретті предикаттарды есептеу, объект-
бағытталған тілдер және т.б. Модельдің таңдауы нақты заттық салада
білімдердің құрылымымен анықталады. Білімдер қорын жасау және БҰТ
таңдау алдында құрылымды анықтау жүргізіледі. Білімдер элементің негіздеу
және нақтылау заттық саланың мамандары (сарапшы) тікелей кӛмегімен
жүзеге асырылады. Бұл процесс
білімдерді үзінді алу (шығару) деп аталады.
Білімдерді шығару мен және құрылымдау мен айналысатын сараптамалық
жүйені әзірлеушілерді
білімдер бойынша инженерлер деп атайды.