8.3 Функциянысипаттау Функция бір мəнді есептеуге арналған жəне өрнектерде стан-дартты функцияға тəрізді қолданылады.
Функция тақырыбының синтаксисі:
FUNCTION <функция аты >[(<формальді параметрлер тізімі >)]: <нəтиже типі>;
формальді параметрлер тізімінен кейін нəтиже мəні көрсе-тіледі;
функция шақырылғаннан кейін басқару өрнектің функция-дан кейінгі операциясына беріледі.
Функцияны шақыру үшін функция көрсеткішін қолданамыз (нақтылы параметрлер көрсетілген функция аты). Функция көр-сеткіші есептелінетін қандай да бір өрнекте (меншіктелу опера-торының оң жағында, енгізу операторының мəндер тізімінде, шартты операторлардың логикалық өрнегінде, т.с.с.) көрсетілуі керек. Жоғарыда көрсетілген функцияны келесі тəсілдердің бі-рімен шақыруға болады:
S:=PRF ( A,B,C);
Writeln ( PRF ( A,B,C));
If PRF ( A,B,C)>20 then K=K+1;