PROGRAM A1; VAR ... {$I B1.PAS} BEGIN ... END. B1.PAS файлының түрі төмендегідей болуы мүмкін:
PROCEDURE PP; VAR ... BEGIN ... END; 8.2 Процедураны сипаттау жəне шақыру Есептеулердің бірнеше рет қайталанатын бөліктерін жəне программаның модульділігін қамтамасыз ету үшін Турбо Па-скаль тілінде процедура жəне функция қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.
Процедура – арнайы ат берілген, қандай да бір аргументтер санына байланысты нəтижені есептеуге арналған операторлар жиынтығы.
Процедура немесе функция (жалпы аты – ішкі программа) негізгі программаның немесе басқа процедураның (функция-ның) сипаттау бөлімінде анықталады. Процедураның (функция) құрылымы негізгі программа құрылымына ұқсас: тақырып бөлігі, сипаттау бөлігі жəне орындалу бөлігінен тұрады.