SEEK(<файл аты>, FILESIZE(<файл аты>)). Келесі программада алдыңғы құрылған файл жазбалары-мен тікелей қатынасу арқылы табельдік нөмірлері пернелерден енгізілетін жұмысшылардың жалақыларының қосындысын табу керек (файл құрылған кезде пайдаланылған табельдік нөмірлер 101-999 сандары аралығында болып саналады, сол себепті 101 нөмірлі жазба файлда алғашқы орында тұрады, келесісі – 102, т.с.с.).
TYPE TZ=RECORD
FIO:STRING[10];
TN:INTEGER;
ZP:REAL
END;
VAR ZAP:TZ;
FOUT:FILE OF TZ;
272
TN1,TN2,N:INTEGER;
S:REAL;
NAME:STRING;
BEGIN
WRITELN('ФАЙЛ АТЫ ');
READLN(NAME);
ASSIGN (FOUT,NAME);
RESET(FOUT);
S:=0;
REPEAT
READLN(TN2);
TN1:=TN2-101; {жазбалар көрсеткішін құру}
SEEK(FOUT,TN1);
READ(FOUT,ZAP);
S:=S+ZAP.ZP;
UNTIL EOF;
WRITELN(‘S= ‘,S);
CLOSE(FOUT)
END.
Бұл программадағы мəліметтер өңдеу процесі табельдік нө-мірлерді енгізу тоқталғанда, яғни пернелерден Ctrl+Z енгізілгенде аяқталады.
Типтелген файл – бұл файлдық айнымалыны жариялау кезінде берілген барлық компоненттері бір типте болатын файл. Файл компоненттері дискіде ішкі екілік форматта сақталады. Егер осындай файл мəліметтерін кез келген мəтіндік редактор-мен қарайтын болсақ, тек символдық мəліметтер көрінеді де, файлдағы сандар орнына бос орын таңбалары немесе псевдогра-фика символдары тұрады.
Сонымен, типтелген файлдармен жұмыс істеу кезінде тө-мендегідей арнайы процедурлар мен функциялар қолданылады.