AppEnd(Var f:text) процедурасы f файлдық айныма-лысымен анықталған мəтіндік файлды оған сөз тіркестерін қосып жазу үшін ашады. Мұнда файл көрсеткіші файлдағы мəліметтер соңына орналасады да, енгізілетін мəліметтер
бұрынғылардың соңғына жазылады.
Кез келген программада файлдық айнымалыны жарияламай-ақ стандартты екі файлды пайдалануға болады, олардың файлдық айнымалылары:
INPUT - стандартты енгізу құрылғысынан мəлімет оқу;
OUTPUT - стандартты шығару құрылғысына мəлімет жазу. Бұлар қарапайым енгізу-шығару операцияларында қолда-
нылатын мəтіндік файлдар. Енгізу-шығару операторларында бұлар əдетте көрсетілмейді, ал қалған файлдарды белгілі бір файлдық айнымалылармен немесе логикалық құрылғылармен байланыстырып алып барып қолдану керек.
MSDOSжүйесіндестандарттыенгізуқұрылғысы–пернетақта, ал стандартты шығару құрылғысы – дисплей экраны.
Ескерту. Керек болған жағдайда бұларды операциялық жүйе мүмкіндіктері арқылы басқаша етіп қайта тағайындауға бола-ды. Мұндайда, пернетақтадан мəлімет енгізу орнына – MS DOS командалық жолында программа атынан соң «<» символын жə-не файл атын, ал экран орнына файлға мəлімет шығару керек болғанда, –«>» символы мен файл атын көрсету қажет. Бұлар-дың тек мəлімет енгізуін немесе тек мəлімет шығаруын ғана көрсетуге немесе екеуін де қатарластыра қолдана беруге болады.
268
Мысалы:
A:\>example.exe a.res – a.dat файлынан мəлімет енгізу, ал a.rez файлына мəлімет шығару.
Мұндай қайта тағайындаулар енгізу-шығару операцияларын тікелей құрылғылар арқылы атқаратын Crt модулін пайдалан-баған кезде ғана орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |