3.4 Тілдің қарапайым конструкциялары Негізгі символдардан тілдің бөлінбейтін ең кіші (минимальды) синтаксистік бірліктері болып табылатын қарапайым конструк-циялары құрылады. Оларға: идентификаторлар, константалар, айнымалылар, стандартты функциялар көрсеткіштері жатады.
Программаның əр түрлі объектілерінің атаулары болуы тиіс. Атаулар ретінде идентификаторлар қолданылады. Идентифи-катордеп əріптерден, цифрлардан жəне астын сызу белгісінен құрастырылып, міндетті түрде əріптен басталатын символдар тізбегін айтады. Идентификатор ұзындығы 63 символдан арт-пауы тиіс. Идентификаторларды мағынасы бар сөз тіркестерінен
48
құрастырған дұрыс деп саналады, мысалы, MAX, MIN, BAGA, SUMMA жəне т.с.с. Қордағы сөздер мен түйінді сөздерді иденти-фикатор ретінде пайдалануға болмайды.
Константалар– программаның жұмыс істеу барысында өз мəндерін өзгертпейтін мəліметтер. Константаларға атау беруге (типін көрсетіп немесе көрсетпей де) немесе тікелей олардың өздерін пайдалануға болады.