3.4-кестеде жоғарыдағы операциялардың приоритеттері (орындалу реттілігі) көрсетілген.
Өрнектерде стандартты (1 қосымшаны қара) жəне програм-малаушы анықтаған функциялар (5 тарауды қара) да қолданылады, олардың приоритеті – ең жоғарғы болып саналады.
64
Арифметикалық операциялар. Арифметикалық операция-лармен біріктірілген өрнектер солдан оңға қарай «жолдарға» орналастырылып, олардағы операциялардың атқарылуы жақ-шалар бойынша немесе өз приориттеріне сəйкес орындалады. Əр түрлі приоритеттегі операцияларды орындайтын программалар жазғанда мұқият болу керек. Мысалы:
a+b/с орындалғанда, алдымен бөлу амалы соңынан қосу ама-лы атқарылады;
Арифметикалық өрнектерді программалағанда, келесі опе-рация ларды орындау ережелерін де есте сақтау керек.
1. «Бүтін бөлу» жəне «бөлгендегі қалдықты табу» операци-ялары тек бүтін сан типіндегі операндтарға ғана қолданылады, мысалы: 6 div 4 = 1, ал 6 div 4 = 2. Егер айнымалыларға осы опе-рациялар қолданылатын болса, онда олар бүтін сан типінде жа-риялануы тиіс, мысалы:
Var i, n: Integer;...
n mod 2;...
Əр түрлі типтегі сандар қатысатын арифметикалық опе-рацияларды орындағанда, автоматты түрде типтерді түрлендіру жұмысы атқарылады:
егер бір операнд бүтін сан типінде, ал екіншісі – нақты сан типінде болса, онда бүтін типтегі айнымалы нақты типке түрлен-діріледі де, операция нəтижесі – нақты сан типіндегі мəн болады;
егер операндтар ретінде əр түрлі нақты сандар мен бүтін сандар пайдаланылса, онда олардың мəндері солардың ішінде кездесетін ең үлкен разрядты типке түрлендіріледі. Мысалы, өрнекте double, extended жəне realтипіндегі айнымалылар бол-са, онда олардың барлығы да extendedтипіне ауыстырылады, нəтижесі де осы типте болады.