5.4 Қайталанусаны белгілі цикл операторы Цикл операторлары құрамына кіретін операторлар тобын бірнеше рет қайталау үшін қолданылады. Турбо Паскаль тілінде арифметикалық прогресия түріндегі (FOR – санауышы бар цикл операторы)параметрлік жəне итерациялық түрдегі қадамдық цикл операторлары (WHILE жəне REPEAT) бар.
107
Арифметикалық прогресия түріндегі цикл операторы циклдің қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда қол-данылады. Мұнда цикл параметрінің өзгеру қадамы +1 немесе –1 болуы мүмкін.
Оператордың жазылуы:
TO
FOR <цикл параметрі>:= <1 өрнек> DOWNTO <2 өрнек> DO ;
<цикл параметрі> – бұл кез келген типтегі айнымалы (бүтін, символдық, санауыш, интервалды);
TO – цикл параметрінің өзгеру қадамы +1 болған кезде қолданылатын түйінді сөз;
DOWNTO – цикл параметрінің өзгеру қадамы -1 болған кез-де қолданылатын түйінді сөз;
<1 өрнек> – цикл параметрінің бастапқы мəні, өрнек типі цикл параметрінің типімен бірдей;
<2 өрнек> – цикл параметрінің соңғы мəні, өрнек типі цикл параметрінің типімен бірдей;
<оператор> – цикл тұлғасы – жəй немесе құрама оператор. Параметрлі цикл операторының орындалу схемасы төмендегі
суретте көрсетілген.
FOR операторы төмендегі ереже бойынша орындалады:
Қадамы +1 болып келетін нұсқада цикл параметрінің бас-тапқы мəні соңғы мəнінен үлкен болса, цикл бір де бір рет орын-далмайды. Сол сияқты, цикл қадамы –1 болғанда да, бастапқы мəн соңғы мəннен кем болса, ол бір де бір рет атқарылмайды.