Жиымдарды енгізу-шығару. Жиымдарды енгізу-шығару қайталану саны белгілі параметрлі цикл көмегімен жеке-жеке элементтерді енгізу-шығару арқылы орындалады. Мысалы:
Var a:array[1..5] of real$ Begin
for i:=1 to 5 do Read(a[i]); {жиымды енгіземіз } ReadLn; { мəндер жаңа жолдан енгізілу үшін буферді тазалаймыз }
Жиым элементтерінің мəні цикл арқылы рет-ретімен енгізі-леді. Мысалы, жоғарыда көрсетілген цикл үшін жиым элемент-тері: a1, a2, а3, а4, а5 түрінде енгізіледі (6.3-сурет). Бұл мəндерді бос орын арқылы бір-бірінен бөле отырып бір жолға жазып немесе əр элемент мəнінен кейін Enter пернесін басып енгізуге болады.