Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет84/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   210
Бақылау сұрақтар


  1. Жазба түріндегі мəндер типі дегеніміз не?




  1. Жазба қалай хабарланады?




  1. Жазба элементтерімен (өрісімен) қандай операциялар орындауға болады?

  2. Жазба мен жиымның айырмашылығы неде?




  1. Жазбалармен қандай операциялар орындауға болады?




  1. Біріктіру операторының қызметі қандай?




  1. Нұсқалы жазба дегеніміз не?




  1. Жазбалар қалай қолданылады?


Тапсырмалар

  1. Файлда өз жолдастарыңыз (кем дегенде 5) жайлы жазба-ларды сақтайтын программа құрастырыңыз. Мəліметтерді


159

шығаруды пернетақтадан енгізілген жазба нөмірі бойынша ұйымдастырыңыз. Мысалы:
{ Жазба нөмірі: 3
Фамилия: Сəрсенбаев
Аты: Алтынбек
Тегі: Асанұлы
Туған жылы: 1967
Туған айы: 12
Туған күні: 18 }


  1. Файлда емтихан нəтижелері жайлы бірнеше (кем дегенде 10) жазбаны сақтайтын программа құрыңыз. Əр жазба үш өрістен тұрады: жазба нөмірі, фамилия, баға. Жазбаларды келесідей фор-мада шығаруды ұйымдастырыңыз:


{ 1 Сəрсенбаев 3 }


  1. Файлда күндізгі температура жайлы бірнеше (кем дегенде 10) жазбаны сақтайтын программа құрыңыз. Əр жазба төрт өріс-тен тұрады: жазба нөмірі, күн, ай, температура. Жазбалардың барлығын жəне ең төменгі, ең жоғары температураны экранға шығарыңыз.




  1. Кітаптарда жалпы мəліметтер жазылған файл құрастырыңыз. Əр кітап жайлы мəлімет: автор фамилиясы, кітап аты, парақ-тар саны жəне шыққан жылы. Берілген автордың көрсетілген жылдағы кітабын табыңыз. Автор фамилиясы мен кітаптың шыққан жылы пернетақтадан енгізіледі.




  1. Əртүрлі даталар енгізілген файл құрастырыңыз. Əр дата – күн, ай жəне жылдан тұрады. Перненің басылуы бойынша сəйкес мə-ліметтерді шығарыңыз:


F1 – ең кіші жыл;
F2 – барлық даталар;
F3 – ең соңғы дата;
F10 – программадан шығу.


  1. Мекеме қызметкерлерінің телефон нөмірлері жазылған файл құрастырыңыз. Жазбада: қызметкер фамилиясы, аты жəне те-лефон нөмірі көрсетілген. Қызметкер фамилиясы бойынша оның телефон нөмірін іздеуді ұйымдастырыңыз.




  1. Экспортқа шығарылатын тауарлар жайлы мəліметтер жазыл-ған файл құрастырыңыз. Жазбада: тауар аты, тауар импорт-талатын ел жəне экспортық партия көлемі көрсетілген. Тауар экспортталатын елдер тізімі мен экспорттың жалпы көлемін анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет