Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


Дисплей адаптерлерінің графикалық режим жұмыстары-ның қысқаша сипаттамасы



бет86/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

Дисплей адаптерлерінің графикалық режим жұмыстары-ның қысқаша сипаттамасы
Графикалық процедураларды нақты адаптермен жұмыс іс-теуге лайықтап орындау үшін, қажетті графикалық драйверді іске қосу керек. Драйвер – компьютердің белгілі бір техникалық құ-рылғысының жұмысын басқаруға арналған арнайы программа. Графикалық драйвер – графикалық режимде дисплей адаптері-нің жұмысын басқарады. Турбо Паскальда барлық типтегі адап-терлер үшін графикалық драйверлер бар. Олар программалар ішіндегі жеке BGI ішкі каталогында орналасады, кеңейтілімі BGI (ағылшынның: Borland Graphics Interface – Borland фирмасының графикалық интерфейсі) болып келеді. Мысалы, CGA.BGI – CGA

11–1618 161

адаптерге арналған драйвер, EGAVGA .BGI –EGA жəне VGA адаптерлеріне арналған драйвер жəне т.с.с.
Осы кезде шығарылып жатқан компьютерлер IBM фирмасы-ның немесе соған сəйкес келетін адаптерлермен жабдықталған. Қазіргі кезде MDA адаптерінен басқа адаптерлердің барлығының да графикалық режимде жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Бұл режим-де дисплей экраны өте жиі орналасқан нүктелер – пикселдер жиыны ретінде қарастырылады. Пикселдердің санын программа арқылы басқаруға болады.
Нақты адаптердің графикалық мүмкіндіктері экранға, ондағы пикселдер мен бояу түстері санына байланысты болады. Сонымен бірге кейбір адаптерлер бірнеше графикалық парақтармен жұмыс істей алады. Графикалық парақ дегеніміз жедел жадының экран “картасын” жасауға, дəлірек айтқанда, əр пикселдің көрсетілуі (түсі) жайлы ақпарат жазылған аймағы. Төменде кең таралған адаптерлердің графикалық жұмыс режимдерінің қысқаша сипат-тамасы келтірілген.
CGA адаптері ( Color Graphics Adapter – түрлі түсті графикалық адаптер) 5 графикалық режимде жұмыс істейді. Оның төрт режимі – мүмкіндігі төмен жəне тек түстер жиынымен (пали-тра) ерекшеленетін экрандарға (көлденеңінен 320 пиксел, тігінен 200 пиксел, демек 320x200) арналған. Əр палитра үш түстен, ал экрандағы қалыпты қара түсті қосқанда төрт түстен тұрады: 0 па-литра (ашық – жасыл, қызғылт, сары), 1 палитра (ашық – ақшыл көк, ақ), 2 палитра (жасыл, қызыл, қоңыр) жəне 3 палитра (ақшыл көк, күлгін, ашық – сұр). Бесінші ржим – мүмкіндігі жоғары 640x200 нүктелі экран үшін, бірақ мұнда əр пиксел алдын ала белгіленген бір түске ғана бояла алады немесе мүлде боялмайды. Бұл палитра тек түрлі түстерден тұрады. Графикалық режимде CGA адаптері тек бір парақты қолданады.
EGA адаптері (Enhanced Graphics Adapter – кеңейтілген графикалық адаптер) CGA адаптерінің барлық графикалық ре-жимдерін қайталай алады. Сонымен бірге мұнда өте төменгі (640x200, 16 түс, 4 парақ) жəне өте жоғарғы (640x350, 16 түс, 1 парақ) режимдерде жұмыс істеуге болады. Кейбір модификация-ларда монохромды (640x350, 1 парақ, 2 түс) режимде де жұмыс істеуге болады.


162

MCGA адаптері ( Multi – Color Graphics Adapter – көптүсті графикалық адаптер) CGA адаптерімен үйлесімді жəне 640x480, 2түсті, 1 парақ режимі бар. Мұндай адаптерлермен IBM фир-масының PS/2 дербес компьютерлерінің кіші модельдері жаб-дықталған. Осы серияның жоғарғы модельдері жақсартылған VGA адаптерімен ( Video Graphics Array – графикалық бейнежи-ым) жабдықталған. VGA адаптері CGA жəне EGA адаптерлері-нің жұмысын толық қайталайды жəне оларды мүмкіндігі өте жоғары (640x480, 16 түс, 1 парақ) режиммен толықтырады.
Қазіргі кезде супер-VGA адаптерлері (SVGA) кең тараған. Бұл адаптерлер мүмкіндігі – 800x600 нүктелі, 256 түсті жəне одан да көп түстерді пайдалана алады. Алайда Graph кітапханасында олар үшін драйвер жоқ. SVGA адаптері VGA адаптерімен үйлесімді болғандықтан, қазіргі графикалық адаптерлерді басқару үшін EGAVGA.BGI драйверлерін қолдануға тура келеді.
Жоғарыда айтылған адаптерлермен бірге Hercules фирма-сының адаптерлері де көп қолданысқа ие болған. HGC адаптері-нің мүмкіндгі 720x348, пикселдер бір түске ғана боялады (əдетте ашық қоңыр) немесе монохромды болып келеді. HGC+ адаптері-нің HGC адаптерінен айырмашылығы аз, ал HICC (Hercules In Color Card) адаптері – HGC + адаптерінің 16 түсті кеңейтілген түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет