Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет153/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

253

9. ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

9.1 Файлдар жайлы жалпы мəліметтер
Мəліметтердің көлемді жиынын, мысалы, жұмысшылар ту-ралы деректерді немесе бір қызметкерге қатысты ақпараттар жиынын (жалақы, стаж, адрес, отбасы құрамы т.б.) тұрақты пай-даланып отыру үшін магниттік дискіге жазып қойған тиімді. Магниттік диск немесе таспа (лента) компьютердің жедел жадына симайтын ақпараттың өте көлемді түрлерін сақтай алады. Алдын ала жазылып қойылған мəліметтер жиыны оны пайдаланатын программамен жұмыс істеу барысында компьютерге қосылған магниттік дискіден біртіндеп оқыла бастайды. Сондай-ақ, про-грамма жұмысының нəтижесін де дискіге жазып қойып, қажет кезінде баспаға немесе дисплейге шығаруға болады.
Паскальда компьютерде мəлімет өңдеу кезінде ақпараттар ЭЕМ-нің сыртқы жадына (дискіге) жазылып сақталады. Дискідегі ақпараттармен жұмыс істеу үшін арнайы объектілер – файлдар қолданылады. Файл деп тізбектеле орналасқан жеке компонент-терден тұратын дискідегі біртектес мəліметтердің реттелген жиынын айтады. Файл – белгілі бір мақсатқа жету жолында өзіндік (біркелкі) ұйымдастыру жолымен бір-бірімен логикалық байланыста құрастырылған мəліметтердің (жазбалардың) атау-лы жиыны. Осы уақытқа дейін программада тек ІNPUT жəне OUTPUT тəрізді стандартты файлдар пайдаланылды. Файлдағы компоненттер саны алдын ала берілмейді жəне олардың жиымдар (массивтер) сияқты индексі болмайды. Файлдың ортасындағы компонентті оқу үшін алдыңғы компоненттерді біртіндеп ретімен оқиотырыпжетугеболады.Жалпыжағдайдафайлпрограммадағы айнымалы түрінде беріледі. Файлды əрбір пайдалану кезінде программаға тек бір компонент оқылады немесе жазылады.
Физикалық жазба – сыртқы жадымен бір рет қатынас құру (пайдалану) кезінде оған жазылатын немесе одан оқылатын мəліметтер жиыны, яғни сыртқы жады мен жедел жады арасын-да тасымалданатын мəліметтердің ең кіші (минимальді) көлемі. Физикалық жазба бірнеше логикалық жазбалардан тұрады.


254

Логикалық жазба – файлдардан мəлімет оқу немесе жазу опе-раторларында пайдаланылатын мəліметтер бірлігі. Логикалық жазбалар сыртқы құрылғыға жиі-жиі мəлімет жазбас (оқымас) үшін көлемдірек физикалық жазбаларға біріктіріледі.

Сыртқы құрылғыдағы (магниттік дискідегі) файл жазбаларын пайдалану үшін логикалық файл ұғымы қолданылады. Логикалық файл немесе программадағы файл – бұл белгілі бір мақсатқа жету жолында біріктірілген логикалық жазбалардан тұратын мəліметтер жиыны.


Файлдарды сипаттау немесе жариялау олардың айнымалы түрінде берілген атынан соң fіle of түйінді сөздерінен тұрады. Түйінді сөздерден кейін оның компоненттерінің типі беріледі. Мысалы:
Type
stroka: fіle of char;
number: fіle of іnteger;

Assіgn түйінді сөзі программадағы файл мен сыртқы құрыл-ғыдағы файлды байланыстыру үшін қолданылады, мысалы:


ASSІGN (F, 'ALMA.TXT')
Бұл процедура дискідегі ALMA.TXT файлын программадағы F атты файлмен байланыстырады, программада ары қарай бұл файлды пайдалану үшін жай ғана F деп көрсету жеткілікті.
Файлдағы жазбалар саны əр түрлі бола береді, бірақ кез кел-ген сəтте тек бір ғана жазбаны пайдалана аламыз. Файл ұзындығы деп оған жазылған компоненттер санын айтамыз. Ішінде жазбасы жоқ файл – бос файл болып табылады.
Файлдық типтегі əрбір айнымалы программаның VAR сипат-тау бөлігінде жариялануы тиіс. Мұндай айнымалыны өрнектерде жəне меншіктеу операторларында пайдалануға болмайды. Файл компоненттері типі файлдық типтен басқа кез келген тип бола алады.
Турбо Паскальда алдын ала анықталған төмендегі стандартты тип бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет