Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет156/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   210
    Бұл бет үшін навигация:
  • REWRITE(<
RESET(<файл аты>) тізбекті қатынасу кезінде мəлімет оқу үшін бұрыннан бар файлды ашу процедурасы, ал тікелей қатынасу кезінде бұрыннан бар файлдан мəлімет оқу, əрі оған мəлімет жазу процедурасы. Мұнда файл көрсеткіші бірінші жазбаға орналасады (оның нөмірі – 0). Басқаша айтқанда, мысалы, RESET(F) – файлды бастапқы жағдайға келтіру болып табылады. Бұл процедура F айнымалысына сəйкес келетін файл көрсеткішін оның ең басына алып келеді. Файл бұдан бұрын ашылуы тиіс.
REWRITE(<файл аты>) – мəлімет жазылатын жаңа файл ашу процедурасы. Егер осындай атты файл бұрыннан бар болса, онда ол өшіріледі. Файл көрсеткіші бірінші жазба алдына орналасады. Мысалы, rewrіte(F) процедурасы бойынша дискіде F деген атпен құрамында ешбір компоненті болмайтын жаңа бос файл ашыла-ды да, файл көрсеткіші оның алғашқы компоненті болатын орын-ды көрсетіп тұрады.
READ(<файл аты>, <айнымалы>) – типі файл компонент-терінің типімен сəйкес келетін айнымалыға файлдың келесі ком-поненттерін оқу процедурасы. Мұнда файл көрсеткіші оқылған компоненттер санына байланысты ары қарай ығысады. Мысалы, READ(F, v1, v2, …, vn) – мұндағы F – файлдық айнымалының аты, vi – файл компоненттерінің типіне сəйкес келетін айнымалылар атауларының тізімі. Əрбір айнымалының мəні F файлының соған сəйкес компонентіне тең болады да, əрбір мəнді оқығаннан кейін көрсеткіш келесі компонентке ауысады.
WRITE(<файл аты>, <айнымалы>) – айнымалы мəндерін файлдың ішкі көрсеткішіне сəйкес аты көрсетілген файлға жазу процедурасы. Мұнда да файл көрсеткіші жазылған компоненттер санына байланысты ары қарай ығысады. Мысалы, wrіte (F, v1, v2, …, vn) арқылы файлға жазу кезінде əрбір айнымалының мəндері


261

(v1, v2, …, vn) файлдың компоненті түрінде тізбектеле жазылады, одан кейін файлдың көрсеткіші келесі компонентке ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет