Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет154/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   210
    Бұл бет үшін навигация:
  • ASSIGN
TYPE TEXT = FILE OF CHAR;
Жалпы Паскаль программалау жүйесінде файлдардың 3 түрі қолданылады:


  1. жазбалар типіндегі файлдар (типтелген файлдар);


255

  1. ұзындықтары белгісіз сөз тіркестерінен тұратын мəтіндік файлдар;

  2. жазбалар блоктары түріндегі мəліметтерді тасымалдау (жазу немесе оқу) үшін қолданылатын типсіз файлдар. Файлдармен жұмыс істеу барысында төмендегі ережелерді есте сақтаған жөн:




  1. қолданылатын барлық файл аттары программа тақыры-бында көрсетілуі мүмкін;

  2. мəтіндік файлдар TEXT типімен сипатталуы тиіс;




  1. программадағы əрбір файл сыртқы құрылғыда орналасқан нақты бір файлмен сəйкес келуі керек, олардың сəйкестігі ASSIGN процедурасы арқылы тағайындалуы тиіс;




  1. белгілібірфайлдабұрынжазылғанмəліметтіоқу,түзетуне-месе толықтыру үшін RESET процедурасы қолданылады, мəлімет жазу үшін жаңадан файл ашу ісі – REWRITE процедурасы арқылы орындалады;




  1. файлмен жұмыс істеу аяқталған соң, оны CLOSE проце-

дурасымен жабу қажет.


Файл деп көбінесе компьютердің сыртқы жадында – дис-кеттерде, винчестерлерде, CD-лерде немесе олардан басқа есте сақтау құрылғыларында жəне де енгізу-шығару құрылғыларында орналасқан белгілі бір ат қойылған мəліметтер тізбегін (файл компоненттерін) айтады. Файлдарда мəтін, программа, сандық мəліметтер, графикалық бейнелер жəне т.с.с. ақпараттар түрлері сақталады. Файлдарды пайдадалану ісін ұйымдастыру барысын-да Паскаль программалары MS DOS операциялық жүйесімен бірігіп отырып жұмыс жасайды.
MS DOS файлдық жүйесі
Мəтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған дискідегі мəліметтер жиыны файл деп аталады. Операциялық жүйе жұмысы үшін керекті мəліметтер рөлін əртүрлі типтегі файлдар атқарады. Дискіде аттары əртүрлі көптеген файлдар сақталады.
Файлдар аттары MS DOS жүйесінде төмендегі талаптарға сəйкес келуі тиіс:


256

  1. файл аты – бірден сегіз таңбаға дейінгі латын əрпінен басталатын сандар мен латын əріптері жиыны;




  1. файл атының үш таңбадан аспайтын екінші бөлігі типі бо-лып саналады, ол файл атынан нүктемен бөлінеді. Типті файл атының кеңейтілуі деп те айтады, тип кейде болмауы да мүмкін;




  1. файл аты мен типін жазу үшін латынның бас жəне кіші əріптері, араб цифрлары, кейбір арнайы символдар, мы-салы, астын сызу таңбасы «_» немесе доллар белгісі «$» пайдаланылуы мүмкін;




  1. файл аты ретінде MS DOS операциялық жүйесінде кейбір құрылғылар аттары ретінде пайдаланылатын сөз тіркестерін пайдалануға болмайды, олар: PRN, CON, NUL, COM1, COM2, AUX, LPT1, LPT2, LPT3.

Windows типтес операциялық жүйелерде бұл заңдылықтар сақталмайды, мысалы, файл аты 255 символға дейін ұзартылған жəне орыс, қазақ əріптері де қолданыла береді. Бірақ Паскаль программалау тілінде MS DOS ережелерін толық сақтаған жөн.


Əдетте, файл аты оның мазмұнымен сəйкес етіп құрылады, ал оның 3 таңбадан аспайтын кеңейтілуі сақталатын мəліметтер типін (Windows-те суреті, белгішесі) көрсетеді. Файлдарды кеңейтілуі бойынша айырып тануға мүмкіндік беретін MS DOS операциялық жүйесінің мына төмендегідей стандартты типтері бар:
.СОМ, .ЕХЕ - тікелей атқарылуға арналған командалық файл-дар;
.DАТ - мəліметтер файлы;
.DОС - Word программасында дайындалған құжаттық файл;
.РАS .BAS .СРР – Паскаль, Бейсик, С++ тілдерінде жазылған программалық файлдар;
.ТХТ - Блокнот программасында дайындалған мəтіндік (текстік) файл.
Файлдың толық атының мысалдары:
СОММАND.СОМ NORTON.ЕХЕ
TANIA7.DOC Arman2.txt
START Game.BAS AIGUL.СРР MARAT.doc ТЕХТ1


257

Файлды дискіге жазғанда немесе өзгерткенде оның көлемі, жазылған уақыты, мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, байтпен берілген көлемі, операциялық жүйенің календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атри-буттары (көрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертілгенде немесе көшірілгенде тіркеліп отырады.

Кейбір командаларды орындау барысында файлдардың атын толық көрсетпеуге болады, мұндайда MS DOS жүйесі файлдар тобын іздейді.


Кейде файлдардың біреуін ғана емес, қатар орналасқан бірнешеуін топтауға тура келеді. Мұны файлдың атына шаблон-дарды немесе нұсқаларды, яғни «*» жəне «?» белгілерін қою арқылы істеуге болады.
* - файлдың атындағы кез келген сөз тіркестерін білдіреді;


  1. - файлдың атындағы болуы мүмкін кез келген таңбаны не-месе оның болмауын да көрсетеді.

Мысалы:
1 KOL* - аты КОL əріптерінен басталатын барлық файлдар тобын көрсетеді (kolia.txt, kolem.doc, kol7.bas, KOL.PAS, KOLKA, т с.с.);


2 *.EXE - типі EXE болып келген барлық файлдар тобы (alma.exe, talon.exe, kolia.e, a141.exe, beta.exe ...);
3 *.* - жұмыс істеп отырған ағымдағы (үстіміздегі) каталогтағы барлық файлдарды көрсетеді;
4 * - типі көрсетілмеген файлдар тобын көрсетеді (yakitsha, alia, ...);
5 ???.BAS - типіBAS болып келген аты бір, екі жəне үш таңбадан тұратын файлдар тобы (ali.bas, a.bas, t1.bas, tor. bas, olia.bas ...);
6 А?.* - аты А таңбасынан тұратын жəне А əрпінен басталып екі таңбадан тұратын типі кез келген сөз болатын файлдар тобы (a.txt, a.com, as.doc, a2.bas, ad.pas ...).
MS DOS дискетке (винчестерге де) мəліметтер жазардан бұрын ол арнайы тəсілмені белгіленуі (форматталуы) керек. Бел-гілеу операциялық жүйенің арнайы командасымен орындалады. Бұрын пайдаланылған диск форматталса, ондағы барлық мəлімет толығымен өшіріледі де, кейіннен қалпына келтірілмейді.


258

Дискілерде көптеген файлдар сақталады, мысалы, винчес-терде мыңдаған файлдар болады. Оларды кітапханадағы тəрізді каталогтарға (бумаларға) бөліп, бірінің ішіне бірі орналасқан каталогтар бұтақ тəрізді көп сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесін құрайды. Дискіні форматтағанда, онда мəліметтер жа-зылатын басты немесе түпкі каталогы ашылады, оның аты бол-майды. Келесі деңгей каталогы міндетті түрде белгілі бір атаумен белгіленеді.
Бір каталогқа аттары бірдей екі файлды орналастыруға бол-майды, оның соңғысы жазыларда алдыңғысы бірден жойылып кетеді, бірақ аттас файлдар əртүрлі каталогтарда орналаса береді.
Бір каталог екінші бір каталогтың ішінде орналаса береді, мұндайда ол бағынышты атанып, сатылы түрде бұл каталогқа басқа бір каталог бағынышты болып орналасуы мүмкін. Осындай түрде бұтақ тəрізді файлдар жүйесі құралады. Каталогтарды құру жəне өшіру арнайы командалар арқылы орындалады.
Файлдар бұтақ тəрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек өз атын ғана емес, сонымен қатар орналасқан каталогын, оның түпкі каталогпен байланысын, диск атын көрсету қажет. Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) көрсететін каталогтар тізбегін - маршрут немесе жол деп те атайды. Сонымен, файл толық түрде мынадай элементтермен беріледі:


  1. дискінің аты, ол бірақ кейде көрсетілмей де кетеді;




  1. бірінің ішіне бірі кіретін каталогтар тізбегінің аттарынан тұратын маршрут (ол да кейде көрсетілмей кетеді);




  1. тізбекті аяқтайтын файлдың өз аты (файл тізімдегі ең соңғы каталогта орналасады).

Уақыттың əрбір мезетінде бір диск ағымдағы екпінді күйде болады, оның айғағы MS DOS шақыруы, яғни жұмыс істеп тұрған диск мен файлдар маршруты атының көрсетілуі.


Бағынышты каталогтар тізбегі бір-бірінен «\» таңбасымен бөлініп жазылады, мысалы,
С:\DEMO> - DEMO С: дискісіндегі 1-деңгейлі каталог;
С:\DEMO\SYSTEM> - SYSTEM С: дискісіндегі 2-деңгейдегі каталог. Əрбір мезетте бір каталог жұмыс атқарады да, ол екпінді немесе активті (ағымдағы) деп аталады. Компьютер іске қосылғанда мұндай каталог рөлін түпкі каталог атқарады неме-


259

се компьютер өшірілер кездегі екпінді болған каталог атқарады, программалаушы өз қалауынша командалар көмегімен басқа ка-талогты екпінді ете алады.
Мысалы:
А:> немесе С:\>
С:\DEMO\VICTOR> немесе С:\SYS\AZAT \ALMA> Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық көрсету
үшін дискінің атын, каталог аттарының тізбегін, ең соңында файлдың атын жəне типін толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты төмендегідей болады.
[дискінің аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.типі]
Тік (квадрат) жақшаның ішіндегі сөздер көрсетілмеуі де мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет