FileSize(Var f):longintфункциясы файлдық айнымалы көрсетіп тұрған файл компоненттері санын береді. SeekQ функциясымен бірге файл соңын анықтау үшін қолда-нылады.
Seektf, FileSize(f)); ...
FilePos(Var f):longint функциясы келесі енгізу-шығару операциясы өңдейтін компонент нөмірін береді.
Мəлімет оқу немесе жазу үшін файл ашылған соң, файл көрсеткіші оның басындағы 0 нөмірлі бірінші компонентте ор-наласады. Əрбір компонент оқылған/жазылған соң, көрсеткіш келесі компонентке ығысады. Əрбір компонент ұзындығы тұрақты болғандықтан, мəліметтерді тікелей нөмірлері арқылы да тауып пайдалануға болады.
Файл соңына жазбалар қосу мəліметтерді оқу арқылы орын-далады. Мұндайда файл көрсеткіші оның соңына орналасады да, сонан кейін керекті мəліметтер жалғастырылып жазылады.
Компоненттерді файл ортасына жазу кезінде оның нөмірі арқылы орнын анықтап алған соң, одан кейінгі компоненттер уақытша файлға жазылады да, жаңа компоненттер жазылып, оған жалғаса уақытша файлдағы мəлімет қайтадан негізгі файлға көшіріліп жазылады.
Компоненттерді өшіру файлды қайта жазу арқылы орындала-
ды.