... FREEMEM(P, SIZEOF(REC)); {қажет емес жадыны босату}
... Динамикалық жадыны төрт тəсілмен босатуға болады.
Автоматты түрде, барлық программа аяқталғаннан кейін.
Стандартты DISPOSE процедурасының көмегімен.
Dispose (P); мұндағы P – “көрсеткіш” типті айнымалы (типтелген). DISPOSE(P) процедурасының жұмысының нəтижесінде, P көрсеткішімен байланысқан жады ауданы, алдағы уақытта қолдануға
295
болатын бос аудан ретінде белгіленеді. Бірақ P көрсеткіші жəне онымен байланысқан жады физикалық түрде тазаланбайды, жазба экземплярын өшіріп тастап та оның өрістерінің мəнін алуға болады, алайда бұл жағадайды қолдануға кеңес берілмейді.
DISPOSE процедурасының қолдану тəсілдері əр түрлі боған-дықтан, бұл процедураны MARK жəне RELEASE процедуралары-мен бірге қолдануға болмайды.