Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


Турбо Паскаль ортасының негізгі мүмкіндіктері



бет20/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

2.4 Турбо Паскаль ортасының негізгі мүмкіндіктері
Файлдармен жұмыс істеу. Жоғарыда айтылғандай, Турбо Па-скаль ортасы іске қосылғаннан кейін автоматты түрде мəтінді редакциялау режимі іске қосылады. Бұл жерде жаңа программа теруге немесе терілген программаны түзетуге болады.
Программа мəтінін ортадан тыс сақтаудың негізгі түрі файл бо-лып табылады. Турбо Паскаль ортасымен жұмысты аяқтағаннан кейін, программа мəтінін дискіге файл ретінде жазып сақтап, кейіннен оны пайдалануға болады. Дискідегі файлдармен жұмыс жасау үшін F2 (файлды жазу) жəне F3 (файлды оқу) пернелерін қолданамыз. Егер жаңа программа жазылса, Турбо Паскаль орта-сы оған автоматты түрде стандартты NONAME00.PAS (NO NAME
– аты жоқ) деген ат береді. Программа мəтінін файлға сақтау үшін F2 пернесін басамыз. Сонда экранда Save fi le as... (...деген файлда сақтау) деген жазуы бар сұқбат терезесі ашылады. Файлға ат беру өрісіне өзіңіз қалауыңызша ат енгізіп Enter пернесін басыңыз.
Егер программа мəтінін сақтамай, Турбо Паскаль ортасымен жұмысты аяқтасаңыз экранда:


30

NONAMEOO.PAS has been modified. Save? (NONAMEOO.PAS файлына өзгерту енгзілді. Сақтау қажет
пе?) деген мəліметі бар сұқбат терезесі ашылады. Егер програм-ма мəтінін сақтау керек болса, Y (Yes – иə), кері жағдайда N (No – жоқ) пернесін басыңыз.
Программаны орындау арқылы тексеріп түзету. Программа мəтіні дайын болғаннан кейін оны орындауға жіберуге болады, олар мынадай əрекеттерден тұрады: программаны компиля-циядан өткізу, оны стандартты процедуралар жəне функциялар кітапханасымен байланыстыру (қажет болған жағдайда), жедел жадыға жүктеп, басқаруды программаға беру. Осы іс-əрекеттер тізбегі программаны орындау немесе атқару деп аталады жəне ол Ctrl – F9 пернелері көмегімен де жүзеге асады.
Программада синтаксистік қате жоқ болса, программаның əр жолы рет-ретімен орындалып, экранда неше жолдың компиля-циядан өткендігі жəне программаға бөлінген жедел жады көле-мі жайлы мəлімет шығады. Басқаруды жүктелген программаға бермес бұрын Турбо Паскаль ортасы экранды тазалайды, дəлірек айтсақ экранға программны орындау терезесін шығарады. Про-грамма орындалып біткеннен кейін, компьютер басқаруды қай-тадан өз қолына алып, экранға редактордағы программа мəтінін шығарады.
Егер программа орындалу барысында синтаксистік қате та-былса, онда Турбо Паскаль ортасы жұмысын тоқтатып, экранға редактордағы программа мəтінін шығарады да, курсорды қате табылған жолға орналастырады. Ал, экранның жоғарғы бөлігіне табылған қате жайлы болжау мəліметі шығады. Бұл қатені түзетіп, программаны тез орындауға көмектеседі.
Табылған қате синтаксистік қате болмаған жағдайда, оның табылған орнын көрсету қажетті мəліметті бере алмайды. Қате мəндерді дұрыс дайындамау салдарынан шығуы мүмкін. Мы-салы, егер қате теріс саннан түбір алу кезінде шыққан болса, онда осы түбір алу операторы орналасқан жол көрсетіледі. Ал қатені бұл жерден емес, ертерек, осы айнымалыға теріс мəнді меншіктеген жерден іздеу керек. Мұндай жағдайда программа-ны F4, F7 жəне F8 пернелерінің көмегімен біртіндеп, жол-жол-мен адымдап орындау керек. Программаны түзетіп, орындаудан тəжірибеңіз аз болса, тек F7 пернесін қолдануыңызға болады. F7 пернесін бір басқаннан кейін Турбо Паскаль ортасы програм-


31

маны компиляциядан өткізіп, біріктіріп, жедел жадыға жүктеп, бірінші операторды орындаудың алдында тоқтайды. Орында-латын оператор экранда ерекшеленіп тұрады. Енді F7 пернесін əр басқан сайын программаның бір жолы орындалатын бола-ды. Программаның күдік тудырған жерінде айнымалы немесе өрнектің мəндерін қарап шығуыңызға болады. Ол үшін курсорды қажет айнымалы немесе өрнек жазылған жерге орналастырып, Ctrl – F4 пенелерін қатар басу керек. Экранда үш жолдан тұратын сұқбат терезесі ашылады. Жоғарғы жолда айнымалының аты көрсетіледі. Ортаңғы жолда осы айнымалының ағымдағы мəнін шығару үшін курсорды жоғарғы жолға қойып, Enter пернесін басу керек. Егер Ctrl – F4 пенелерін басар кезде курсор бос жолда не-месе басқа айнымалыда тұрса, онда ашылған сұқбат терезесінің жоғарғы жолы да бос немесе басқа айнымалыны көрсететін бола-ды. Бұл жағдайда сұқбат терезесінің жоғарғы жолына өзініңізге керек айнымалының атын пернетақтадан енгізіп, Enter пернесін басу керек. Төменгі жолда көрсетілген айнымалының ағымдағы мəні шығады. Осы тəсілмен тек айнымалының ғана емес, осы ай-нымалы бар өрнектің де мəнін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет