Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


Турбо Паскаль ортасының анықтамалық жүйесі



бет21/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

Турбо Паскаль ортасының анықтамалық жүйесі. Турбо Паскаль ортасының құрама бөлігінің бірі – оның анықтамалық қызметі. Егер Сіз ағылшын тілін жақсы білетін болсаңыз, Турбо Паскальмен жұмыс жасағанда ешқандай қиындық болмайды. F1 пернесін бассаңыз болды, экранда қажет анықтама пайда болады. Бұл анықтама Турбо Паскаль ортасының ағымдағы қалып-күйіне байланысты (бұндай анықтама мəтінге тəуелді деп аталады) болады. Мысалы, F1 пернесін Турбо Паскаль ортасы програм-ма қатесін тапқан кезде бассаңыз, осы қатенің қандай жағдайда туындайтынына жəне оны қалай түзетуге болатындығы жайлы мəлімет аласыз.
Редактор терезесінен анықтамалық қызмет көрсету терезесіне төрт тəсілмен кіруге болады:

F1 – анықтама алу;
Shift – F1 – анықтамалық мəліметтер тізімінің ішінен керекті анықтаманы таңдап алу;

Ctrl – F1 – стандартты прцедура, функция, тұрақты немесе ай-нымалы жайлы анықтама алу;

Alt – F1 – алдыңғы анықтамаға көшу.


32

Shift–F1 командасын қолданғанда, экранда анықтама алуға болатын, алфавит бойынша реттелген стандартты процедуралар, функциялар, тұрақтылар жəне айнымалылар тізімінен тұратын терезе пайда болады. Анықтама алу үшін курсорды бағыттауыш пернелер (←,↑, →,↓) арқылы жылжыта отырып, қажет жолға келгенде Enter пернесін басыңыз.
Осы анықтаманы басқа жолмен де алуға болады: экранға қажет процедура (функция, тұрақты немесе айнымалы) атын жазып немесе курсорды программадағы қажет процедура атына қойып Ctrl–F1 пернесін басыңыз. Турбо Паскаль ортасы курсор қай жерде тұрғанын сараптап, стандартты процедура атын ерекшелеп, қажетті анықтаманы экранға шығарды.
Көп жағдайларда анықтама Турбо Паскаль мүмкіндіктерін көрсететін кішігірім программа түрінде беріледі. Анықтаманы “қиып” алып редактор экранына орналастыруға болады. Ол үшін Alt пернесін басып жібермей тұрып, латын алфавитінің Е əрпін басу керек. Экранда Edit меню жолының ішкі менюі ашылады. Бағыттауыш пернелер көмегімен курсорды Copy examples (мысалды көшіру) жолына қойып, Enter пернесін басу керек. Сонда анықтама мəтіні редактордың ішкі буферіне көшіріледі. Мысалды буфердегі мəліметті экрандағы курсор тұрған орынға қою үшін, Esc пернесін басып анықтама жүйесінен шығып, курсорды редактор экранының қажетті жеріне орналастырып, Shift – Ins (буфердегі мəліметті программа мəтініне жеке фрагмент ретінде көшіру), сонан соң Ctrl – K H (фрагменттің ерекшеленуін алып тастау) пернелерін басу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет