7.2 Графикалық режимді инициализациялау жəне мəтіндік режимге көшу InitGraph процедурасы графикалық режимді іске қосады.
Процедура тақырыбының жазылуы:
Procedure InitGraph (var Driver, Mode: Integer; Path:String); Мұндағы Driver – Integer типті айнымалы, графикалық драйвер
типін анықтайды; Mode – осы типтес айнымалы, графикалық адаптердің жұмыс режимін анықтайды; Path – драйвер файлының аты жəне оны іздеу жолы көрсетілген String типті өрнек.
Процедура шақырылардың алдында, дискідегі ақпарат ішінде графикалық драйвер жазылған файл болуы керек. Процедура осы драйверді компьютер жедел жадына жүктейді де, адаптерді графикалық режимге ауыстырады. Драйвер типі графикалық адаптер типіне сəйкес болуы керек. Драйвер типін көрсету үшін