7.3 Сызықтармен, нүктелермен жəне фигуралармен жұмыс істеу Көптеген графикалық процедуралар мен функциялар экран курсорының ағымдағы позициясын қолданады. Графикалық режимнің экран курсорының мəтіндік редактор курсорынан
170
ерекшелігі, ол экранда көрінбейді. Экран көрсеткішінің пози-циясы кез келген экрандағы координата тəрізді сол жақ жоғарғы бұрышқа байланысты беріледі. Сол жақ жоғарғы бұрыштың ко-ординатасы – 0,0. Сонымен, экранның көлденең координатасы солдан оңға, ал тік координатасы – жоғарыдан төмен қарай өседі.