Procedure CloseGraph;
RestoreCRTMode процедурасы қысқа мерзімге мəтіндік ре-жимге ауысуды іске асырады. Оның CloseGraph процедурасынан ерекшелігі – графикалық режимнің орнатылған параметрлерін алып тастап, графикалық драйверді орналастыруға бөлінген жады көлемін босатпайды. Процедура тақырыбы:
ProcedureRestoreCRTMode;
GetGraphMode функциясы графикалық адаптер жұмысы ре-
167
жимінің коды жазылған integer типті мəнді қайтарады. Функция тақырыбы:
FunctionGetGraphMode: Integer;
SetGraphMode процедурасы адаптердің жаңа графикалық жұмыс режимін тағайындайды. Процедура тақырыбы:
Procedure SetGraphMode(Mode: Integer); Мұндағы Mode – орнатылатын режим коды.
Келесі программа графикалық режимнен мəтіндік жұмыс режиміне жəне керісінше ауысуды жүзеге асырады:
Uses Graph;
var
Driver, Mode, Error: Integer; begin
{Графикалық режимді іске қосамыз}
Driver := Detect;
InitGraph(Driver, Mode, '');
Error:= GraphResult; {Нəтижені есте
сақтаймыз}
if Error<>grOk then {Қатені тексереміз} WriteLn (GraphErrorMsg(Error)) {Қате
бар}
else
begin {Қате жоқ}
WriteLn('Бұл графикалық режим'); WriteLn('»Enter»пернесін
басыңыз...':20);
ReadLn;
{Мəтіндік режимге ауысамыз} RestoreCRTMode;
WriteLn ('Бұл мəтіндік режим,...'); ReadLn;
{Графикалық режимге қайтып ораламыз} SetGraphMode (GetGraphMode); WriteLn('Бұл тағы да графикалық ре-
жим...');
ReadLn;
CloseGraph
end
end.
168
Бұл мысалда мəліметтерді шығару үшін графикалық режим-де де, мəтіндік режимде де стандартты WriteLn процедурасы қолданылады. Егер сіздің компьютеріңіз қазақ (орыс) алфавитін қолдамайтын СGА адаптерімен жабдықталған болса, онда графикалық режимде оларды шығару мүмкін емес. Сондықтан мəліметтердің барлығын латын əріптерімен жазу керек.
DetectGraphпроцедурасы драйвер типі мен жұмыс режимін қайтарады. Процедура тақырыбы:
Procedure DetectGraph(var Driver,Mode: Integer); Мұндағы Driver –драйвер типі; Mode – жұмыс режимі. CetGraphMode функциясынан ерекшелігі – бұл процедура
Mode айнымалысына қолданылып отырған адаптер графикалық режимінің ең үлкен мəнін қайтарады.
GetDriverNameфункциясы жүктелген драйвер аты жазылған
String типті мəнді қайтарады. Функция тақырыбы: